Бұл веломарафон Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының 100 жылдығына, сондай-ақ еліміздегі барлық ұстаздар қауымына арналады.
«Нұр-Сұлтан – Қостанай» велошеруі 23 тамыз күні, дүйсенбіде, таңертеңгі сағат 09. 00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойындағы Ыбырай Алтынсаринге орнатылған тақтатас жанынан бастау алады. Аттанатын жердің нақты мекенжайы – Ілияс Есенберлин көшесі, 20/1 үй. Осы үйдің қабырғасында Ыбырай Алтынсаринге арналған тақтатас бар.
Қатысушылардың барлығы – әуесқой велошабандоздар. Мамандықтары әртүрлі. Мұғалім, журналист, зейнеткер. Веломарафоншылар мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын негізге ала отырып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын және Ыбырай атамыздың 180 жылдығын насихаттауға азаматтық үлес қосқысы келеді.
Ашық аспан астында өтетін көп күндік велошеру елдегі, аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, өткізіледі.
Іс-шараның бірнеше мақсаты бар:
1) Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірін, бай мұрасын және ізбасарларының еңбегін өзіміз тану және танытуға, насихаттауға атсалысу;
2) Қалың жұртшылықты, әсіресе жастарды саламатты өмір салтын ұстануға үндеу;
3) Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сезіну және сезіндіру, елді, жерді сүюді, патриотизмді насихаттау;
4) Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны, табиғатты аялауға үндеу.
Веломарафонның ұзақтығы –750 шақырым. Ол бір бағытқа (Нұр-Сұлтан – Қостанай) ғана жасалып, 6 күнге созылады.
Велошеру бағдары:
№ | Бағдар | Шақырым | Күні | Апта күні |
1 күн | Нұр-Сұлтан – Астрахан | 140 | 23 тамыз | Дүйсенбі |
2 күн | Астраханка – Атбасар | 140 | 24 тамыз | Сейсенбі |
3 күн | Атбасар – Жақсы | 90 | 25 тамыз | Сәрсенбі |
4 күн | Жақсы – Октябрьское | 142 | 26 тамыз | Бейсенбі |
5 күн | Октябрьское – Әулиекөл | 120 | 27 тамыз | Жұма |
6 күн | Әулиекөл – Қостанай | 110 | 28 тамыз | Сенбі |
Барлығы: | 742 (болжалды қашықтық) | |||
7 күн | Нұр-Сұлтанға қайту, пойызбен | 29 тамыз | Жексенбі |
Велотоп Қостанай қаласына жеткен соң, осы қаланың іргесіндегі Ыбырай Алтынсарин кесенесіне барып ұстаз рухына дұға бағыштауды, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейімен танысуды және Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепке баруды жоспарлап отыр.
Велотоп 5 адамнан тұрады:
- Ернат Мелсұлы, бастамашы (инициатор), ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы. «Хабар 24» телеарнасында шетелдік шолушы. Журналист. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 2018 жылы 500 шақырымдық «Астана – Ақтоғай», 2019 жылы 208 шақырымдық «Қарағанды – Жаңаарқа», 2020 жылы Абайдың 175 жылдығына арнап 1088 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошерулерін ұйымдастырған. 1982 жылы туған.
- Қайрат Ырғызбаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, зейнеткер, ҰКҚ запастағы подполковнигі, пенсионер, «Қостанай велоқауымдастығының» мүшесі. 2019 жылы бүкіл қазақ жерін аралап, 7 мыңнан астам шақырымды артта қалдырған (осы тізімдегі Эрнст Баймұхамбетов екеуі). 1964 жылы туған.
- Түгелбек Қасымов, Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер, ардагер-ұстаз, зейнеткер, 76 жастағы ақсақал «Атом қаруына жол жоқ!» деген ұранмен 2016 жылы Жапонияға велосипедпен барған. Ол жалпы 40 елді велосипедпен аралап шыққан. 1945 жылы туған.
- Эрнст Баймұхамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, ҚР Президентінің Күзет Қызметінің (қазіргі – ҚР Мемлекеттік Күзет қызметінің) отставкадағы полковнигі, зейнеткер. 2019 жылы бүкіл қазақ жерін аралап, 7 мыңнан астам шақырымды артта қалдырған (осы тізімдегі Қайрат Ырғызбаев екеуі). 1955 жылы туған.
- Қазыбек Бекеев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, инженер болып жұмыс істеген. Зейнеткер. Бұған дейін «Петропавл – Алматы» бағытында 1800 шақырымды велосипедпен 104 сағатта жүріп өткен. 1954 жылы туған.
Игі тілекпен, велотоп атынан, бастамашы Ернат МЕЛСҰЛЫ
Байланыс телефон номері және уотсап: 8-702-497-49-82
Фейсбук: Ернат Мелсұлы
Инстаграм: @ernat_melsuly
Много нового, спасибо. Если Вас интересует 1хбет вход на сайт переходите на сайт войти на 1хбет. На сайте расписаны способы и особенности входа на 1x бет.
Большое спасибо за подробную информацию. Для смягчения обветренной или потрескавшейся кожи губ я использую гигиеническую помаду. Рекомендую всем попробовать, и не беспокойтесь гигиеническая помада цена на нее вполне доступная для регулярного использования.