• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Есімі ел есінде

    Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында қазақ күресіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттық күресіміздің жанашыры, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген жаттықтырушы марқұм Нұржан Өтеновты еске алуға арналған төл күресімізден ересектер арасында республикалық жарыс болып өтті.

    Негізі бұл қазақ күресінің қазанында қайнасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін бар күш жігерін салған ардақты жанды еске алуға арналған сауапты шара еді. Қазақ күресі бірде құлдилап, бірде өрлеп, талай қиын кезеңді басынан кешіргенде Нұржан жаны қалаған спортын тастап кеткен емес. Қашан көрсең күрес залында шүмектеп терін төгіп шәкірт тәрбиеледі. Еңбегі де елеусіз қалмады. Бауыржан Тәліп, Еркін Сайдақов, Жангелді Хамитов, Ғани Келдібаев сынды әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарында қазақ елінің намысын абыроймен қорғап, чемпион атанған жалаңтөс баhадүр балуандарды шыңдап шығарды.

    «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді», демекші, міне енді бар шәкірттері жұмыла жиылып, ұлағатты ұстаздарының атында дүбірлі дода ұйымдастырған екен. Бұл жарысқа еліміздің барлық облысымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 200-ге тарта балуан қатысып, күш сынасты.

    Жарыстың ашылуына Нұржан Өтеновтың жары Ділдәш пен ұлы Мағжан, қызы Жанар және ағайын-туыстары келіп қатысты. Сонымен қатар, Ерғали Мұхитдинов, Қапар Рауанов, Ғалым Кұлекешев, Шыңғыс Тұрсынов, Белай, Нұрғалым сынды елімізде қазақ күресінің дамуына үлкен еңбек сіңірген ардагер жаттықтырушылар қатысып, Нұржан Өтеновтың атына ашылған аламанға ақжол айтып, балуандарға жеңіс тіледі. Құрметті қонақтардың арасында кикбоксингтен әлем кубогының игері Елмұрат Қайыпжанов пен таеквандо спортының ардагері, ұлттық спортымыздың жанашыры Бұлжан Нұрлыбекте бар еді.

    Дүбірлі жекпе-жектің Қазақтың Спорт және туризм академиясында өтуінің өз орны бар. Осы бір киелі шаңырақта Нұржан Өтенов Ұлттық спорт кафедрасында өмірінің соңғы кезіне дейін жас ұрпаққа дәріс берген еді. Сондықтанда өз кезегінде сөз алған Қазақтың Спорт және туризм акдемиясы ректорының көмекшісі Мұхтар мырза, Нұржан марқұмның ұстаздық еңбегіне жоғары баға беріп, сағынышпен еске ала кетті. Иә, бір адам құдық қазса, мың адам су ішеді-деген қанатты сөз бар. Қазақ күресінен қаншама талантты шәкірттерді тәрбиелген ардақты ұстаз, құрметті азамат Нұржан Өтеновтың еңбегі ешқашан ұмытылмасы анық. «Орнында бар оңалар», дейді. Еркін Сайдақов пен Бауыржан Тәліп сында елге танымал балуандар ұстаздарының атында осындай республикалық аламан жарысты жоғары деңгейде өткізуге бар күштерін салғаны көрініп тұр. Ендеше, «Өлі разы болмай тірі байымайды», демекші ардақты ағайларын ұмытпай игілікті әрі сауапты іс-шараға ұйытқы болған Еркін мен Бауыржанға ұстазының әруға разы деп ойлаймыз. Осындай артында іздеушісі, қамқоршысы бар кезде Нұржанның ісі жалғасын үзбейді деген сенімдемін. Мен қазақ күресінің тарихын жазып 20 жылдай жүрген жылдары Нұржанмен етене жақын, дос болған едім. Иә, Нұржанның бапкерлік методикасы мен адамгершілігі туралы бір кітап жазса артық болмас. Ол күннің де келері анық. Ал, бүгінгі жарысты ертең тарих деп қабылдайық.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    6 пікір

    1. пинап казино

      Спасибо ценная информация.

    2. Vavada зеркало

      Интересно.

    3. ‚авада bonus

      Благодарю вас за информацию.

    4. Виталий

      Спасибо за предоставленную информацию. Мне очень нравится pin-up , в нем классные слоты и очень много игровых предложений.

    5. Матвей

      Ждем новостей. Да как и со всех сайтов скачать с фейсбука видео по ссылке https://getof.net/ очень легко. Заходите на сайт, вставляете ссылку на видео со страницы фейсбука и нажимаете скачать в нужном формате.

    6. Полина

      Ну и хорошо. У casino pinup нормальная отдача, если играть обдуманно, можно быть в плюсе.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *