• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қажымұқан спорт мектебі – чемпиондар ұстаханасы

    Спорт сүйер қауым елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып аталып келе жатқанын жақсы білуі тиіс. Осыған байланысты біз бүгін оқырманның назарына Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандырылған  мектеп-интернет-колледж туралы мәлімет беріп, оның басшысы Мәлік Сапашевпен сұхбатты ұсынуды жөн көріп отырмыз.

    — Мәлік Әбуханұлы, келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осы орайда өзіңіз басқарып отырған мекемеңіз туралы қысқаша ақпарат берсеңіз.

    -Алдымен осылай бізге көңіл бөліп, өз уақытыңызды арнап, алыстан келіп отырғаныңызға рахмет айтамын. Спортқа деген қызығушылығыңыз арта берсін.

    Жарты ғасыр тарихы бар спорт мекемесінен көптеген Олимпиада, әлем және құрлықтық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Оны бәрі біледі. Тіпті, саясатқа да араласқан тұлғалар бар. Біздің түлектеріміз Дәулет Тұрлыханов пен Ольга Шишигина Парламент Мәжілісінің депуттары да болған.

    2000 жылдардың басында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебі ел ордасы — Астана қаласына қоңыс аударды. Ал, кейін, Үкіметінің жарлығына сәйкес, мектеп-интернат-колледж дәрежесіне ие болды.

    Қазіргі таңда біздің мекемеде 18 Олимпиада спорт түрлері қамтылған, оның ішінде 4 қысқы спорт түрі. Жалпы спортшылар саны 400-ге жуық оқушылар мен колледж студенттері, олардың арасында 280 оқушы мектепте, 120 студент колледжде оқиды.

    -Тамаша екен. Ал, биылғы жетістіктер туралы айтып өтсеңіз. Басқа спорт интернаттарға қарағанда сіз басқарып отырған мектеп алдынғы қатарда тұр деп естіп отырмын.

    -Рахмет! Иә, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жылда арнайы рейтингтерін жариялап тұрады. Осы тізімде біз тағы да 4 республикалық мектеп-интернат-колледждерге қарағанда алдынғы қатарды тұр екенбіз.

    Балаларымыз 250 орындығы бар жатақханамен қамтылған. Күніне 6 рет тамақтанады. Тіпті тағам мөлшерінде қызыл және қара уылдырық бар. Оларға медицина және психология мамандары жақсы көмек беріп жатыр. Тәрбиешілер тобы жасөспірімдермен қызықты, қазіргі заманға сай тәрбие жұмыстарын атқаруда. Оқу процесі, әдеттегідей, заманға сай қойылған. Күніне екі мезгіл жаттығуға апаратын арнайы автобустарымыз бар. Өз спорттық базамыз қызмет етуде. Оқушылар мен студеденттер «Қажымұқан» спорт кешенінде дайындалуда. Балаларға барша жағдай жасалуда. Оларға тек қана жоғары спорттық нәтиже көрсетсе болғаны.

    Биыл тұңғыш рет өткен «Министр кубогының» чемпионы да атандық. Еліміздің 17 спорт-интернаттар арасында 4 спорт түрі бойынша ұйымдастырылған додада бірінші орынды жеңіп алдық. Айтарлықтай спорттық жетістіктеріміз де бар. Биыл біздің спортшыларымыз көптеген халықаралық додаларда топ жарып, жеңімпаз атанды. Олардың ішінде конькимен жүгіруде Алина Дауранова, грек-рим күресінде Мақсат Сайлау, Дін-Мұхамед Қошқар, велошабандоздарымыз, көркем гимнасшыларымыз, футболшы қыздарымыз, су добынан жарыстарға қатысатын балаларымыз, таеквондошыларымыз, шорт-трекшілеріміз, ескек есушілеріміз, боксшыларымыз жасөспірімдер, жастар, тіпті ересектер арасында көзге түсті.

    -Керемет! Биыл тағы да жаңа оқушылар мен студенттер келеді ғой. Оларды қалай қабылдайсыз, қандай талаптар қойылады?

    -Біздің мектеп-интернат-колледжіміз — спортта дарынды балаларға арналған оқу-спорт ордасы. Оған тек мықтылары ғана түсе алады. Жалпы, биыл 7 сыныптан бастап 82 адам мектептің 2022-2023 оқу жылына қабылданады. Биыл 23-26 тамыз аралығында арнайы қабылдау емтихандары өтеді. Бәрі ашық. Оқуға қабылдау үнемі әділетті түрде ұйымдастырылады. Өздеріңізді емтихандарды көруге шақырамыз. Тіпті, жемқорлыққа қарсы агенттіктің арнайы қызметкерлері бізде комиссия мүшелері болып тіркелген. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушылары да қатысады.

    Бізге еліміздің әр аймағынан көптеген балалар оқуға түсуге ниет білдіруде. Қазіргі таңда мектеп пен колледжге 290 адам құжаттарын тапсырды. Сонда бір орынға орташа есеппен 3-4 адам таласады деген сөз. Бәсекелестік өте мықты. Оған қоса, балалар арасында заң бойынша, оқу жылында екі рет арнайы аттестация өткізіледі. Онда оқу, тәрбие және спорттық нәтижелері бойынша спортшылар оқудан не шығарылады, не қалдырылады. Ережелеріміз қатаң болса да, әділ. Соның арқасында Қазақстанның ұлттық құрама командаларда басым бөлігі біздің оқушыларымыз бен студенттеріміз. Жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамында 62% біздің спорт ордасының тәрбиеленушілері.  Ал, Қазақстанның ұлттық құрама командаларында2022 жылы  оқуларын аяқтаған спортшыларымыз тіпті 82% болды.

    -Өте жақсы екен! Осы бағыттан таймаңыз енді, Мәлік Әбуханұлы! Алға қойған жоспарларыңыз қандай? Жаңа маусымда қай бағытта жұмыс атқарасыздар?

    — Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев жаңа бастамаларды көтеруде. Оның ішінде спорттық резервті жаңа тәсілдермен дайындау әдістемелері де қарастылған. Бұл қуантарлық жайт. Оған қоса, оқушылар, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған заманауи спорттық платформалар баршылық. Атқарушы орган тарапынан жұмысымызды жандандыруға және инновациялық технологияларды қосып пайдалануға толық мүмкіндіктер қарастылуда.

    Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің тапсырмасы бойынша оңтайландыру жұмыстарын бастап кеттік. Бұл процестің қорытындысы болашақта оң бағасына ие болатынына сенімдімін.

    Материалдық базамызды жақсартуға ниет бар. Дене шынықтыру және денсаулықты нығайту кешенінің құрылысын бастағымыз келеді. Басшылар тарапынан қарсылық жоқ.

    Былтыр Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай мекемеміздің спорт кешеніңе «Қажымұқан» атауын беріп ескерткіш-мүсінді салтанатты түрде орнаттықү Оған зиялы қауым қатысты. Бұл монумент балаларымызға рух беруде. Жарыс алдында олар палуан-бабасынан батасын алғандай әсерде жүреді.

    -Тамаша екен! Сұхбат бергеніңізге көп рахмет! Біздің оқырмандарымызға тағы да айтар тілектеріңіз бар ма?

    -Сіздерге көп рахмет! Үнемі спортты насихаттап жүресіздер, оның ішінде балалар мен жастар спортына көңіл бөліп жатсыздар. Сіздерге мың да бір алғыс! Ал, оқырмандарға айтарым, сіздерді шын жүректен Спорт күнімен құттықтап, дене шынықтырумен айналысуға кеңес беремін.

    -Сізге де Мәлік Әбуханұлы алтын уақытыңызды бөліп, бізбен кездескеніңізге рахмет! Жеңісті күндерде жүздесейік!

    Әңгімелескен

    Дастан КЕНЖАЛИН

     

    5 пікір

    1. Анастасия

      Благодарю за информацию. Лучший частный детский садик на Областной — вот https://sadik-spb.ru/detskiy_sad_na_oblastnoy_kudrovo . Мы перепробовали несколько детских садов. Не идут и все, утром истерика. А сюда ходим тьфу-тьфу уже полгода и каждый день дети торопят, говорит ну пошли уже в садик 🙂

    2. Григорий

      Спасибо большое за предоставленную информацию. Лучший частный детский садик на Областной — вот https://sadik-spb.ru/detskiy_sad_na_oblastnoy_kudrovo . Мы перепробовали несколько детских садов. Не идут и все, утром истерика. А сюда ходим тьфу-тьфу уже полгода и каждый день дети торопят, говорит ну пошли уже в садик 🙂

    3. Марина

      Благодарю за информацию. Лучший частный детский садик на Областной — вот https://sadik-spb.ru/detskiy_sad_na_oblastnoy_kudrovo . Мы перепробовали несколько детских садов. Не идут и все, утром истерика. А сюда ходим тьфу-тьфу уже полгода и каждый день дети торопят, говорит ну пошли уже в садик 🙂

    4. Галина

      Здравствуйте спасибо за информацию. Современный дизайн интерьера премиум-класса — это грамотный подход, превращающий обычное пространство в нестандартное и инновационное. Студия дизайна https://sovross.ru/articles/2316/58293 эффективно создает такие интерьеры, применяя соответствующие инженерные приемы, знания сочетаний цвета и текстиля, чтобы сделать Ваше пространство домашним и современным. Одним из важнейших качеств сотрудников студии является их умение оптимально планировать пространство в полном соответствии с потребностями клиента. Наши специалисты проведут замеры, подберут стиль дизайна и проект согласуют с заказчиком, составив соответствующий договор.

    5. Максим

      Спасибо за полезную информацию. Известно, что комфортная атмосфера жилища современного человека невозможна без профессионально созданного интерьера. У каждого свои представления о том, как должен выглядеть дом его мечты. Дизайн интерьера — это гармоничное сочетание функциональности, эстетичности и удобства. Студия дизайна https://www.cpv.ru/modules/publisher/item.php?itemid=5962 учитывает все пожелания заказчика и профессионально создает дизайн-проект, который воплощает его мечту в жизнь. Специалисты студии применяют новейшие методики, включая 3D-визуализацию и готовят технический дизайн-проект в полном соответствии с потребностями и вкусами заказчика.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *