Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнудтинов Түркияның «Бешикташ» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Біздегі бар мәліметке қарағанда, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубымен келісімге әлі келмеген. Футболшының өзі де бұл туралы ештеңе айтпады.
Transfermarkt-тің дерегіне қарағанда, Ыстанбұлдың клубы Зайнутдиновты 6 млн еуроға бағалап отыр. Ал ЦСКА түркиялық жасаққа Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы үшін 6 млн доллардан бастап, 8 млн долларға дейінгі бағаны ұсынған. Бұл сомаға тараптар әзірше келісім берген жоқ. Ал егер Зайнутдинов «Бешикташқа» ауысатын болса, онда ол Ыстанбұл клубында ең көп айлық алатын ойыншылардың бірі болады.
Бұған дейін түркиялық команда төрт футбошыны ғана 6 млн еуродан аса сомаға сатып алған. Олар – Айхана Акман (6,5 млн еуро), Адем Льяич (6,5 млн еуро), Рикарду Куарежма (7,5 млн еуро) мен Родриго Табата (8 млн еуро).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА