15-16 шілдеде Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді.
Оған 30 елден келген 250-ге жуық спортшы қатысады. Әлемдік додада ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы медаль жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін Әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.
Әлем чемпионатының бас төрешісі – Еркін Жетімеков (Қазақстан). Бас хатшы – Александр Шараев (Беларусь).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА