• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан теннисшілері Египеттегі турнирде жартылай финалына шықты

    Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова Египеттің Шарм-әл-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады. Отандастарымыз ширек финалда ресейлік Елизавета Машна мен Елизавета Морозованы ұтты. Бірінші партияда ресейліктер 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар 4:1 есебімен алда тұрды. Міне, осы сәтте Жанель мен Аружан ойын тізгінін өз қолдарына ала ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев финалға шықты. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев египеттік  Хана Годамен бірге аралас жұпта жапониялық Такуми Танимото – Рин Менде тандемімен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, отандасымыз жартылай финалда өзін жақсы қырынан көрсете білді. Шабуылдап, қатты соққылар жасап, жұптасын да қолдап отырды. Матчтан кейін Хана Годаның ...

    Read More »

    Моңғолияда Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы марапатталды

    Моңғолияда қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысқан Алданыш Рамазанқызы «Еңбек сіңірген спортшы» атағымен марапатталды. Алданыш Рамазанқызы — 1964 жылғы Токио қаласында өткен жазғы Олимпиадаға Моңғолияның атынан қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Сонымен бірге ол Моңғолия спорт тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға қатысқан әйел, Моңғолиядағы қазақтардың арасынан  шыққан тұңғыш спорт шебері. Ол жеғір атлетикадан моңғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он ...

    Read More »

    Испания құрамасына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

    Футболдан Испания құрамасы әлем чемпионатында ширек финалға шыға алмай қалғаннан кейін оның бас жаттықтырушысы алмасты. Испания футбол федерациясы елдің ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының орынтағына Луис де ла Фуэнте тағайындалғанын мәлімдеді. Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші ойынында Коста-Рика командасын 7:0 етіп, ойсырата ұтып, доп додасын табысты бастаған «Қызыл фурия» бұдан кейін біртіндеп божырай берді. Оның плей-офф кезеңіне Марокко құрамасымен ойыны ...

    Read More »

    Нұралы Әліп «Зенитте» қала ма?

    Футболшы Нұралы Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында қалатын болды. Ресейдің командасы Нұралы Әліптің Алматының «Қайрат» клубына  тиесілі келісімшартын толық сатып алған. Енді Қазақстан ұлттық құрамасы қорғаушысының барлық құқықтары ресейлік клубқа тиесілі. Келісімшарт 4 жылға (3+1) жасалған.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Боксшыларға Қазақстан чемпионы атануға бір қадам қалды

    Осы күндері бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер болады. Назарларыңызға барлық салмақ дәрежелерінде жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлерін ұсынамыз: 48 кг Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — Рысхан Тәліп (Шымкент) Ернар Қарап (Абай облысы) — Ернұр Қайрат (Алматы) 51 кг Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы) — Жомарт Ержан (Түркістан облысы) Кенже Мұратұлы (Алматы облысы) — Даниял ...

    Read More »

    Еуро-2022/2023: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды. Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы В лигасының 2-тобында Әзербайжанмен, Босния және Герцеговинамен, Черногориямен сынға түседі. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың наурыз айында Босния және Герцеговинада өтеді. Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңі жеребе тарту рәсімінде командалар мына топтарға бөлінді:   ...

    Read More »

    Теннисшілер Египеттегі турнирде өзара кездесті

    Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Египеттің Шари-әл-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті. 18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Рүстемова 17 жасар командалас құрбысы Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады. Осы жарыста Рүстемова мен Сағындықова ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанды

    Тунисте үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды. Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы — Эльмира Әлиева) египеттік Года Ханамен бірге аралас разрядта жартылай финалға шығып, жүлдегерлер қатарына қосылды. Осылайша, қазақстандық-египеттік жұп кемінде қола жүлдеге ие болады. Олар 1/8 финалда пуэрто-риколық Энрике Риос  пен бразилиялық Сенага Ширайды жеңіп, ширек финалда франциялықтар Натан Лам мен Гаэтана Блэдадан айласын асырды. ...

    Read More »

    Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты

    Mergen FC қазақстандық промоутері Қуат Хамитов 2023 жылдың қаңтарында өтетін келесі турнирінде жұдырықтасатынын жариялады. «Найман» жекпе-жекке дайындалу үшін Тайландқа аттанды. Хамитов 2022 жылдың қаңтарында зейнетке шығатынын айтқан еді. Бірақ Василий Бабинцевпен жекпе-жектен кейін қыркүйекте октогонға оралды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »