• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қазан 2017

    Қазақстан үздік үштіктен көрінді

    Кеше кешкісін Сербияның Нови Сад қаласында самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні 52 кг салмақта күрескен Жадыра Әміртаева ел қоржынына үшінші алтын жүлде салды. Бұдан басқа  Ақбота Арынғазина (64 кг) екінші орынды иеленсе, Ернұр Сүлеймен (56 келі), Қайыркелді Айдынбай (57 кг) мен Қайсар Шамшиддинов (100 кг) қола медальді қанағат тұтты. Сонымен Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Палуан Демеу Жадыраевқа жаңа атақ берілді

    Бүгін Талдықорғанда Конфедерация Кубогы іріктеу кезеңінің ашылу салтанатында биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ал оның жаттықтырушылары Жұмақан Тұғанбеков пен Берік Жапсарбаевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.    

    Read More »

    Самбошы Бейбарыс Әбдіғани – әлем чемпионы

    Самбодан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 87 килодан аса салмақта сынға түскен Бейбарыс Әбдіғани қарсылас шақ келтірмей әлем чемпионы атанды. Енді сіздердің назарларыңызға өзге қазақстандық самбошылардың нәтижелерін ұсынамыз: Жасөспірімдер: Маргарита Бажаева — 3 орын (44 кг) Шадияр Қуандық — 3 орын (65 кг) Бейбарыс Әбдіғани – 1 орын (+87 кг) Жастар: Айжан Құдыретилла – ...

    Read More »

    Қазақстан самбошылары жүлдені санап жатыр

    Самбодан Сербияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан самбошылары жеті жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жастар арасында Рамазан Мамаев (62 кг) әлем чемпионы атанса, Жадыра Пайыз (44 кг), Маржан Бизақ (56 кг) пен Ерасыл Бақыт (48 кг) күміс медальді, Дәурен Болатбекұлы (82 кг) қола жүлдені жеңіп алды.Ал олардың ізбасарлары Асқар Усбосынов (48 кг) пен ...

    Read More »

    Самбошы Рамазан Мамаев — әлем чемпионы

    Маңғыстау облысында соңғы жылдары самбо және дзюдо күрестері ерекше қарқынмен даму үстінде. Әсіресе, «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов  бастаған облыс самбошылары мен дзюдошылары күрестің осы түрлерін дамытуға бар үлестерін қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етуде. Міңе, сол еңбек өзінің алғашқы жемісін берді. Бүгін Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында маңғыстаулық ...

    Read More »

    «Алтын доп» иегері өз елінің президенті болып сайланды

    1995 жылы әлемнің ең үздік футболшысы ретінде «Алтын доп» сыйлығына ие болған Джордж Веа Либерия Республикасының жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады. Либерия елінде президент сайлауы сейсенбі күні өткен болатын. Оған халықаралық мамандар да ат салысқан. Мәліметтерге сәйкес, 2,1 миллионнан астам дауыс бергені анықталды. Нәтижесінде, 51 жастағы Джордж Веа жеңіске жетті. Оның республиканың қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайдан асып түскені анықталды. Осылайша, Джордж ...

    Read More »

    Қазақтың алтын қызы — Алтынай!

    5-8 қазан күндері қазақ күресінен Минск қаласында өткен  жетінші əлем чемпионатының өзгешелігі, тарихта тұңғыш рет ерлермен қатар əйелдер арасында белдесулер өткені болды. Тұңғыш рет қазақ күресінен əйелдер арасынан əлем чемпионы атану үшін боз кілемде белдескен арулардың өнеріне куə болу бақыты бізге бұйырды. Чемпионатта ерлер 6 салмақта белдессе, қыздар 2 салмақта бақтарын сынап, ел намысын Қалжан Тайжан (Атырау) мен Алтынай Хаби ...

    Read More »

    Конфедерация кубогының жалауы желбіреді

    Елімізде Конфедерация кубогының іріктеу кезеңдері басталды. Дүбірлі додада спортшылар жарыстың 5 түрінен бақ сынады. Атап айтқанда, олар бокс, дзюдо, таэквондо, еркін жəне грек рим күрестерінен өзара мықтыны анықтады. Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңінде «D» тобының спортшылары жартылай финалдық жолдама үшін барын салды. Жеребе бойынша «D» тобына Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстары жəне Алматы қаласының құрама командалары түскен болатын. Конфедерация кубогының іріктеу ...

    Read More »

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды

    Минск қаласында қазақ күресінен жетінші əлем чемпионаты аяқталып, тағы бір дүбірлі дода тарих қойнауына кетті. Қазақ күресінен əлем чемпионатын екі айдың ішінде ұйымдастырып өткізген Беларусь Республикасының Спорт министрлігі мен Беларусь қазақ күресі федерациясына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Минскдегі ең үлкен «Олимпийский» спорт кешенін беріп, əлемнің түкпір-түкпірінен келген палуандарға барлық жағдайын жасапты. Жарыс өтетін жер мен қонақ үй бір жерге орналасқан. ...

    Read More »