• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Olympic.kz

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирге аттанды

    27-28 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

    Олимпиадаға жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.

    Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай, Артем Саркисян (екеуі де — қылыш), София Николайчук (семсер), Ғалым Нұрымов пен София Ақтаева (екеуі де — рапира) ел намысын қорғайды.

    Мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *