• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 19.05.2025

    Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды. Ол болгариялық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.  

    Read More »

    Қазақстан Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта отандастарымыз Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. ...

    Read More »

    Ақиық ақынның атындағы аламан

    Алматы облысы, Нарынқол ауылында қазақ күресінен Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуына орай және қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың атында ресубликалық жарыс өтті. Бұл турнир 2008-2009 жылы туған жасөпірімдер арасында жалауын көтерген еді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық ұлттық күресіміздің бота балуандары келіп, боз кілемде өз өнерлерін көрсетті. Тау тұлға ақынның атындағы турнир алғашқы жылдары облыстық деңгейде ұйымдастырлып келген ...

    Read More »