• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Отандасымыз АҚШ-та топ жарды

    АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық таэквондо жарысында Әділет Базарбаев алтын медаль жеңіп алды.

    17 мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан Industry Hills Expo Center-де «International Taekwondo Fest 2025» турнирі болды. Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    Оған Қазақстан атынан қатысқан Әділет Базарбаев ерекше көзге түсіп, 63 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол үш бірдей қарсыласын жеңіп, шеберлігі мен мықты дайындықтың нақты үлгісін көрсетті.

    Алғашқы жекпе-жекте Taha Khozema KHAMBATI-мен кездесіп, сенімді түрде жеңіске жетті.

    Екінші айналымда Stanley LOPEZ-пен тартысты кездесуде басымдық танытты.

    Финалда Alden RYU-мен болған шешуші жекпе-жекте жеңісті жұлып алып, бірінші орынды қанжығасына байлады.

    Әділеттің бұл жеңісі — тек оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар қазақ таэквондосының халықаралық аренадағы беделін арттыратын маңызды қадам. Оның табандылығы мен спортқа деген жауапкершілігі жас буынға үлгі болары сөзсіз.

    2025 жылғы International Taekwondo Festival (ITF) — АҚШ-тағы ең беделді және ауқымды таэквондо жарыстарының бірі. Бұл фестиваль тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар халықаралық мәдени алмасу мен достықты нығайтатын маңызды платформа.

    Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен командалар қатысады. Мексика ұлттық құрамасының мүшесі Дамиан Вилла бұл жарысты «әлемдік деңгейдегі спортшылармен бәсекелесуге мүмкіндік беретін ерекше іс-шара» деп сипаттайды.

     

    Нұршахризада САЛИМОВА,

    ТАРАЗ

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *