Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде тағы бір қарсыласынан жеңілді. Бұл жолы команда Солтүстік Македония жасағымен ойнап, өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберді. Жалпы, матч аса тартысты және қызықты болды. Бұл ойында отандастарымыз жеңіс үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасады. Ойын басталысымен ұлттық құрама қарсыластардың қақпасын аңдып, қауіпті соққылар жасап, есепті бірінші болып ашуға тырысты. ...
Read More »Daily Archives: 09.06.2025
Алматыда Кеңес әскерінің Германиядағы тобының құрылғанына 80 жыл толғаны аталды
Бүгін Алматы қаласында Германиядағы Кеңес әскері тобының (ГКӘТ — ВКШӘТ) құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады adyrna.kz. Мерейтойлық іс-шараны ГКӘТ-ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы ұйымдастырды. Ол таңғы сағат 9:00-де 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы жанында басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері, полковник Дәуренбек Шегебаев, Алматы қаласы ГСВГ-ГВВД ...
Read More »Анастасия Рыпакова — Korea Open Athletics Meeting турнирінің күміс медалисі!
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Ол ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия Рыпакова 5.92 метрге секірді. Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.
Read More »Нидерландтағы турнирде бес қазақ боксшысы финалға шықты
Нидерландтың Эйндховен қаласында бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирі болып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын басталған додаға Қазақстан құрама командасы да қатысуда. Қолда бар мәліметке қарағанда, кеше ұлттық құраманың сегіз боксшы жартылай финалға шықты. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты. Жекпе-жектердің нәтижесі: 50 кг. Даниял Сәбит (Қазақстан) Редуан Ассаины (Бельгия) нокаутпен жеңді. 65 кг. Ертуган ...
Read More »