Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан балуандары елімізді қуантты. Олар жарыс басталимай жатып, бір емес, алтын бірдей жүлдені жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын медаль! Азия чемпионатында Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) бен Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін) құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Юсуф Мациев (97 ...
Read More »Daily Archives: 18.06.2025
Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола медалисі болды
Вадим Шарлаимов семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол семсерлесуде ерлер арасындағы жекелей сында үшінші орынды иеленді. Жартылай финалда Шарлаимов жапониялық Масару Ямададан жеңіліп, жарысты қола жүлдемен аяқтады. Бірінші орынды қытайлық Ван Цзыцзе жеңіп алды. Екінші орынды Масару Ямада алса, үшінші орынды Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан қанағат тұтты. Дастан КЕНЖАЛИН, ...
Read More »Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды
Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр. Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады. Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады. Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі ...
Read More »Еурокубоктың жеребесі: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды
Еліміздің үш футбол клубының Еуропа кубоктарындағы қарсыластары белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия» клубымен ойнайды. Олар 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» жасақтарының да қарсыластары анықталды. Ақтөбенің клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу сатысында Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Матчтар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. Ал Шымкенттің ...
Read More »Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубын басқарады
«Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Әр жылдары Парламент Мәжілісі төрағасының көмекшісі, Мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының ...
Read More »