• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Қайрат» ФК

    Еурокубоктың жеребесі: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды

    Еліміздің үш футбол клубының Еуропа кубоктарындағы қарсыластары белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия» клубымен ойнайды. Олар 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.

    «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» жасақтарының да қарсыластары анықталды.

    Ақтөбенің клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу сатысында Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Матчтар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. Ал Шымкенттің «Ордабасы» командасы Конференция лигасы бірінші айналымында Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубымен күш сынасады.

    «Астана» ойынын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Оның жеребесі 18 маусымда тартылады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *