Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды.
Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді.
Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан 1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты.
Осы жарыста отандастарымыз арасында Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс), Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс), Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс), Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс), Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп) ширек финалға жетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА