• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиялық комитет

    WTT Feeder Panagyurishte: Зәуреш Ақашева үстел теннисінен қола жүлдегері атанды

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды.

    Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді.

    Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан  1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты.

    Осы жарыста отандастарымыз арасында Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс), Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс), Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс), Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс), Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп) ширек финалға жетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *