Балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Финалда Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Енді ертең Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА