Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен ойнады. Матчта бірінші таймында екі жақ екі-екі голдан соғып үлгерді. Әуелі «Торпедо» құрамында Бьорн Маарс Джонсен 30-минутта есеп ашса, Шымкенттің жасағынан Михай Кэпэцынэ 32-минутта таразы басын теңестірді. 33-минутта «Ордабасы» сапындағы Лука Имнадзе қақпаны діл көздеді. Содан кейін алаң иелерінен Матей Симик 45-минутта есепті теңестіріп ...
Read More »Daily Archives: 10.07.2025
Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан – көшбасшы!
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Оған 25 елден келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта еліміздің намысын 29 спортшы қорғады. Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің лайықты деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз! Бұл ...
Read More »Спорттық әдеп нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді
Туризм және спорт министрлігі 2020 жылғы 28 ақпандағы №51 бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорттық әдебі» құжатын жаңартып, қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкестендірді, деп хабарлады аталған ведомство. Құжат 2025 жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның жаңа редакциясына байланысты өзгертілді. Бұл нормативтік-құқықтық актілерді жаңа заң талаптарына бейімдеуді қажет етті. Бұйрық бұрынғыша спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және спорт саласындағы өзге де тұлғалар ...
Read More »Әмір Омарханов алғаш рет Уимблдон турнирінің 1/2 финалына шықты
Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен ойнады. Бірінші партияны Омарханов пен Плешивцев брейкпен аяқтады. Есеп — 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Әмір Омарханов пен Егор Плешивцевтің ...
Read More »Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды. Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. ...
Read More »