Биыл «Арландар» футбол клубының Португалия футболымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанына он жыл болып отыр.
Клубтың сол еңбегін ескерген Лиссабон футбол ассоциациясы «Арландар» клубын 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Қазіргі таңда төрт шәкіртіміз Португалияның түрлі деңгейдегі академияларында білім алып жатыр.
Португалиядағы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы. Португалияның екі футбол академиясымен әріптестік келісім шарт жасасты.
Балалар турнирі арасындағы әлемдегі №1 турнир — IberCup турниріне әлемнің 100-ден астам мемлекеті қатысады. Сол жарысқа Қазақстан атынан тұңғыш рет «Арландар» футбол клубы қатысты. Яғни, ережесіне сәйкес турнирдің іріктеу кезеңі: IberCup-Estoril турнирінен бастады. Іріктеу кезеңінің өзіне 50-ге жуық елден 500-ге жуық команда күш сынасты. Сол 500 команданың ішінде «Арланда»р клубына ғана уақыт тауып, футбол ассоциациясы қабылдау өткізіп, мұражайын аралатып құрмет көрсетті.
Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ,
«Арландар» футбол клубының негізін қалаушы