«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен екінші матчын ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы және бірінші ойынның нәтижесінен кейін Ақтөбе қаласының командасы Еуропа лигасымен қоштасып, Конференция лигасына түсіп қалды. Бірінші ойында да отандастарымыз қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңілген болатын. Екінші матч 0:0 болып аяқталар еді. Ойынның негізгі уақытына бір минут қосылғанда 91-минутта польшалық клубтан ...
Read More »Daily Archives: 17.07.2025
Конференция лигасы: «Ордабасы» биылғы жарыспен қош айтысты
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасындағы ойындарын бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады. Оңтүстіктің командасы Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Соның кесірінен «Ордабасы» екінші айналымға шыға алмады. Себебі, Кутаисиде болған бірінші матчта алаңиелері Шымкенттің жасағын 4:3 есебімен жеңген еді. «Ордабасы» екінші ойында да жеңіліп қала жаздады. Бұл матчта бірінші болып қонақтар есеп ашты. 45-минутта «Торпедо» сапындағы Ираклий ...
Read More »Ақын Ордабайұлының мерейтойына арналған құрметке толы турнир
28 маусымда Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, С.Бердікұлов атындағы сыйлықтың иегері, Кордай ауданының Құрметті азаматы, белгілі спорт комментаторы, ақын—жазушы Ақын Ордабайұлы ағамыздың 60 жасқа толуына орай ардагерлер арасында футболдан турнир өтті. Бұл турнирге өзім де куә болдым. Турнирдің ашылу салтанатына Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазіргі Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, қазақ күресінің білгірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ...
Read More »Ботагөз Қапанова халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді
Таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстан таеквондо федерациясы. Ол жартылай финалда Қытай спортшысына есе жіберді. (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады. Жарыс әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын дода болып саналады.
Read More »