Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық манежде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Он күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінен 1 200-ден астам жас спортшы қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады. Ел күресінің тарихында тұңғыш рет биылғы чемпионатта жүлдегерлерге сыйақылар тағайындалды. Күрес түрлерінен өткізілетін Қазақстан чемпионаттарында қаржылай жүлде қоры бұрын-соңды ...
Read More »Monthly Archives: наурыз 2026
Алматы жастары киберспорттан жарысты
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Real компьютерлік клубында Social project management орталығының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир болды. Оған «Байсат», «Кенжехан», «Алтын орда», «Салем» «Өжет», «Арыстан» мен басқа да базарлардан 30 ойыншы қатысты. Турнирге киберспорт мамандары төрелік жасады. Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. ...
Read More »Конькимен жүгіру: Қазақстан қоржыны 6 алтын, 1 күміс жүлдемен толықты
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы жеті жүлдемен жарысты қорытындылады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде алтыншы алтын медальді қоржынға Вадим Чебардаков салды. Ол масс-старт бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, 5:29.87 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыз жарыста 34 ...
Read More »Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Варвара Глухова, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары