Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі көрермен қызығушылығы бойынша жоба тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақындап келеді. «Жарыстың алғашқы төрт күнінің өзінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралымға жетті. Қазіргі қарқын сақталса, турнир аяқталғанға дейінгі жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін. Мұндай нәтиже халықалалық медиасеріктестер желісінің айтарлықтай кеңеюі ықпал етіп отыр. Турнир Қытай, ТМД, Оңтүстік Америка, ...
Read More »Daily Archives: 03.08.2026
Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмаққа ауысқаннан кейін осы салмақтағы әлем чемпионы (2021—2024, 2024—2025) мексикалық былғары қолғап шебері Сауль«Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды. Қазақ боксшысы суперорта салмаққа (76,2 келі) ауысқан соң бірден дәрежесі де өсіп, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде (17-0, 12 КО) екінші орынға шықты. Бұл салмақта оның алдында тек аңызға айналған мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр. Бұған дейін кәсіпқой бокстың маңайында жүрген тіс ...
Read More »FIDE: Алуа Нұрман үздік үштікте қалады
Шахматшы Алуа Нұрман Халықаралық шахмат федерациясының ( FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингіндегі үздік үштіктегі орнын сақтап қалды. Қазір 19 жастағы отандасымыз жасөспірім қыздар арасындағы тізімде 2442 ұпаймен үшінші орында тұр. Ол екінші сатыдағы ресейлік Анна Шухманнан бір ғана ұпайға қалып келеді. Ал бірінші орынға Украина өкілі Анастасия Гнатыши жайғасып отыр. Алуа Нұрман биыл Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында рапидтен алтын, блицтен күміс медаль жеңіп алып, Жапонияның Токио қаласында жалауы желбіреген ...
Read More »ТОП-5: Қазақстан күрестен үздік бес елдің қатарында
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестен әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, ұлттық құраманың балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінің нәтижесі бойынша 225 ұпай жинады. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары жалпы есепте 305 ұпаймен бірінші орын алса, АҚШ 294 ұпаймен екінші, Үндістан 250 ұпаймен үшінші, Иран 231 ұпаймен төртінші орынды иеленді. ...
Read More »Жас балуандар әлем чемпионы атанды
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, еркін күрестен 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Ағабек финалда Үндістанның өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол қарсыласын техникалық басымдықпен жеңді. Оған дейін Бақдәулет Ағабек бес белдесудің барлығында жеңіске жетті. ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары