• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 21.10.2026

    Пара жеңіл атлет Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

    Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Айсұлу Сүлейменова 100 метрге жүгіруден Азияның жаңа рекордын жаңартты. Айсұлу Сүлейменова жарыстарға екі аяқтың зақымдануына байланысты арнайы жүгіру протездерін пайдаланатын спортшыларға арналған T62 санатында қатысып жүр. Алайда өз санатында басқа адамдар болмағандықтан, ол бір аяқтың зақымдануына байланысты протез пайдаланатын спортшылар бақ сынайтын T64 санатының өкілдерімен бірге жарысты. Финалда ол 100 метрді ...

    Read More »

    V Азия Пара ойындары: Әли Тұрғанбеков — күміс жүлдегер!

    V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында SB4 санаты бойынша өткен финалда Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен 1 минут 44.26 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бұл жарыста Малайзияның өкілі Мұхаммад бин Зулкафли чемпион атанды. Ол 100 метрге 1 минут 41.44 секундтта үзіп, мәреге бірінші болып жетті. Қола жүлдені үнді Рохит Кумар қанағат тұтты. Ол мәреге 1 минут 57.25 ...

    Read More »

    V Азия Пара ойындары: Диас Кенжебек қола медаль жеңіп алды

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында S10 классы бойынша өткен финалда Диас Кенжебек баттерфляй әдісімен 100 метрге 1 минут 05.50 секундта жүзіп, қола медаль иеленді. Кеше ол S10 санаты бойынша 100 метрге 1 минут 1,98 секундта жүзіп, мәреге бірінші жетіп, Пара Азиада чемпионы атанды. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 ...

    Read More »

    Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты

    Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 95 келіден аса cалмақта ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, чемпионы атанды. Одан басқа ел қоржынына алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен ...

    Read More »