Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда «Үлкен дулыға» додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мұхаммад пен нидерландылық Деми Схурспен күш сынасты. Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады. Есеп — 3:0. Бұдан кейін Мұхаммад пен Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина мен Крунич ...
Read More »Жарыс
«Ролан Гаррос»: Бублик тағы да сенсация жасады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик теннистен Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, Ұлыбританияның 23 жастағы спортшысы Джек Дрейпермен ойнап, оны айқын басымдықпен жеңді. Осыған дейін қарсыластар үш рет ойнап, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді. Ал мына үшінші ойында олар топырақ төсенішінде алғаш рет ойнады. ...
Read More »Қазақ каратэшілері тұңғыш рет Grand Winner жүлдесін иеленді
Марокконың астанасы – Рабат қаласында каратэден (WKF) жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы төрт жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды. Осыған дейін ұлттық құраманың екі спортшысы бірден мұндай ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол 1/8 финалда Польшаның өкілі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Франция ашық чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы Ига Швёнтекпен ойнап, одан 1:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіліп қалды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Жеті жүлде! Қазақстан үстел теннисінен Өзбекстаннан озды
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді. 19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты. Күміс жүлдені Назерке Болатбек ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен ойнап, қарсыласын 6:1, 7:5, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағат 41 минутқа созылған матчта Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін Бублик биыл сәтті ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті. Ол латвиялық Елена Остапенконы екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Енді 1/8 финалда Рыбакина польшалық Ига Швёнтекпен ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Гимнастар Evgeniya Cup халықаралық турниріне қатысады
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Ресейдің Омбы қаласында өтетін Evgeniya Cup турниріне қатысады. Оған қатысатын гимнастардың толық құрамы жарияланды. Жеке бағдарламада бес гимнаст ел намысын қорғайды. Олар — Эрика Жайлауқызы, София Куряченко, Линара Жайлауқызы, Рабия Аманқос пен Валерия Васильева. Топтық жаттығулар бойынша Қазақстанның негізгі және жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды. Турнир 29 мамырда басталды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен қола жүлдегер атанды
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Грек-рим күресінен Қазақстан кубогының иегерлері анықталды
Астанада грек-рим кұресінен Қазақстан кубогының 5 салмақтағы иегерлері анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 55 кг: Алтын – Марлан Мұқашев (Астана қаласы) Күміс – Алпамыс Дастанбек (Қызылорда обл.) Қола – Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу обл) Қола – Бауыржан Садвокасов (СҚО) 60 кг: Алтын – Айдос Сұлтанғали (Қызылорда обл.) Күміс – Ғалым Қабдунасаров (Жетісу обл.) Қола ...
Read More »