• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    U23 Азия чемпионаты: Стелла Суханова төрт алтын жүлдені жеңіп алды

    Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Сары құрлық додасында U23 санатында ұлттық құрама команданың спортшылары сынға түсіп, 6 алтын, 6 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орынды иеленді. Алтын жүлде: Денис Кленин (байдарка, 1000 м) Стелла Суханова (байдарка, ...

    Read More »

    ТОП-3: Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден үздік үштікке кірді

    Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден World Aquatics ұйымының қолдауымен өткен Әлем кубогының финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Биылғы маусымның соңғы жарысында әлемнің үздік спортшыларымен бірге Қазақстан құрамасының өкілдері де өнер көрсетті. Бұл сында Қытай сполртшылары сенімді өнер көрсетіп, алтын медальдардың басым бөлігін қалталарына басты. Жалпы биылғы жарыс күнтізбесінде төрт Әлем кубогының кезеңі болды. Осының бәрінде Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

    Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...

    Read More »

    Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының иегері атанды

    Ақмола облысының Бурабай қаласында триатлоншы Дарын Қонысбаев Азия кубогының тегері атанды. Оған Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Жапониядан басқа, Беларусь, Чехия, Германия, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Турнир World Triathlon ұйымының құрлықтық күнтізбесі аясында болды. Ол Әлем және Азия чемпионаттары алдындағы маңызды дайындық есебінде ұйымдастырылды. Жарыста Дарын Қонысбаев 1:46:28 нәтижесімен бірінші орынды жеңіп алды. Одан ...

    Read More »

    Жасөспірімдер таэквондодан Австриядағы турнирде төрт жүлде алды

    Австрияда таэквондодан (WT) AustrianOpen турнирі аясында жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар болды, деп хабарлады Қазақстан таэквондо федерациясы. Бұл турнирде Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды. Ел құрамасынан Мирас Пазылов (33 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, Ралиф Сазазов (49 кг), Әлихан Өмірәлі (57 кг) мен Айгерім Бекжанқызы (68 кг) қола медальге ие болды. Сондай-ақ еліміздің ересектер ...

    Read More »

    Пара каноэдан АЧ: Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды

    Пара каноэдан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құраамсы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Чемпионатта Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола жүлде алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальді иеленді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қола жүлдені қанағат тұтты. Еске сала кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу ...

    Read More »

    Қазақстан Мәскеуде академиялық есуден үш медаль алды

    Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алса, спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижемен күміс жүлдені иеленді. Осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Теннисші Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда ресейлік Диана Шнайдермен бірге австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик дуэтін жеңді. Матч екі сетке созылып, 7:6, 6:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалда Анна Данилина мен Диана Шнайдер австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен ойнайды.   ...

    Read More »

    Қазақстан Ұлттар кубогында жартылай финалға шықты

    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамның астанасы – Ханой қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогы топтық кезеңінің бесінші матчында Филиппин құрамасымен ойнап, 0:3 (21:25, 15:25, 19:25) есебімен есе жіберді. Филиппин В тобында бірінші орынға шықты. Осыған дейін Қазақстан 12, Филиппин 10 ұпай жинаған еді. Сондықтан ұлттық құрамаға өз тобында бірінші орында  қалуы үшін 2:3 есебімен жеңілсе де, жеткілікті еді. Алайда отандастарымыздың ...

    Read More »

    Валерий Рахымжан — Әлем кубогының күміс жүлдегері!

    Нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан Валерий Рахымжан күміс медальге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол тапаншамен 10 метрден оқ ату сайысында финалда 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Мұнда қытайлық Ху Кай топ жарды (242.3 балл). Үздік үштікке алаң иесі  Кристиан Рейтц кірді. Іріктеуде Валерий Рахымжан 583 ...

    Read More »