• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кездесу

    Күн тәртібінде кезек күттірмейтін мәселе көп

    Бүгін «Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» РҚБ еліміздің спорт ардагерлері қауымдастығы үшін маңызды оқиғалардың бірі – Одақтың жоғары басқарушы органы конференциясын онлайн форматта өткізді, деп хабарлады спорт ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі. Бұл кезектен тыс конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелер ұйымның бүгінгі тынысын ғана емес, болашақтағы даму бағытын айқындауға бағытталды. Конференцияда аймақ өкілдері Одақтың жұмысына қатысты алдын ала есепті ұсынып, жаңартылған ұйымдық ...

    Read More »

    Білімді мыңды жығады

    Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...

    Read More »

    Рахмонов пен Махачев UFC-де жекпе-жекке шығуы мүмкін

    Катардағы UFC Fight Night 256 турнирінде Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресейлік жаңа чемпион Ислам Махачевпен кездесті, деп хабарлады Kazinform. Шавкат Катар турнирінде Асу Алмабаевты, ал Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековті қолдады. Шавкат пен Ислам кездесуден кейін өз ойларын айтты. — Иә, жаңа жұлдыздар жанып келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті — Пратес, Моралес. Екеуі де мықты. Біздің ...

    Read More »

    Ел сыйлайтын Елсияр аға

    Жақында елімізге белгілі спорт жанашыры, ұзақ уақыт қазақ спортының басында болып, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатовты туған күнімен құттықтап шықтым. Елекеңмен 2000-жылдардың басынан таныспын. Астанаға алғаш рет келгенде ол кісі туризм және спорт агенттігі төрағасының орынбасары болып істеген еді. Міне, содан бері Елсияр аға екеуміз ағалы-інілі болып араласып келеміз. Осы уақытта оның адам баласын алалағанын ...

    Read More »

    Аргентина Асық ату ойынын үйреніп жатыр

    Қазан айының 9–10 күндері Мажарстанда Мажар – Қазақ этноспорт және мәдени ассоциациясының өкілдері — Жанаргүл Бақтыгерейқызы мен Балаж Гөнтер Аргентинадан келген  Франциско Гислетти, Мартин Марино және Матео Бильбаоға қазақ халқының бай мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын дәстүрлі ұлттық ойыны Асық ату мен қырғыздың Ордо ойындарын үйретті. Бұл кездесу тек мәдени танысу емес, халықтар арасындағы тарихи тамырластық пен рухани сабақтастықтың да ...

    Read More »

    «Қарапайым болғанымен қиын сұрақ екен». Ұлттық құраманың ойыншысына журналисттің ойы ұнамай қалды

    Бүгін Астанадағы «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан мен Уэльс ұлттық құрама командаларының матчы алдында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты болды. Осы жиында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әли Әлиев пен команданың қорғаушысы Нұрәлі Әліп журналистердің ертеңгі ойынға қатысты сұрақтарына жауап берді. Әуелі бас бапкер ұлттық құраманың матчқа дайындығы туралы айтты. Ол ойын ...

    Read More »

    Қазақстан теннис федерациясы Sport+медиа тобымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

    Қазақстан теннис федерациясы мен Sport+ медиа тобы ақпараттық әріптестік жөніндегі меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ вице-президенті Диас Досқараев пен медиа топтың бас директоры Олжас Абраев қол қойды. Медиа тобының қызметкерлері теннис әлеміндегі жаңалықтар ғана емес, Қазақстан құрамасы ойыншылары мен болашағынан үміт күттіретін жастардың табыстары туралы әңгімелеп, федерацияның теннистік және әлеуметтік бастамаларын тұрақты түрде жариялап отырады. «Мен Sport+ телеканалы ұжымы мен Олжас ...

    Read More »

    Министр таеквондодан жазғы Универсиада мен Азия чемпиондарын марапаттады

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов таеквондодан XXXII жазғы Универсиада мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары мен  осы жарыстардың жүлдегерлерімен кездесті. Оған Халықаралық таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шамиев, жаттықтырушылар мен жас спортшылар қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жиында министр доктор Чоуға таеквондоны әлемдік деңгейде дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ербол Мырзабосынов ...

    Read More »

    Елімізде алғаш рет Азиядағы беделді спорт ұйымының басқосуы басталды

    Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен және  халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) конференциясы мен  VII Бас ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет елімізде ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат қатысып жатыр. Жиынның салтанатты ашылу ...

    Read More »