• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кездесу

    Семей спорт академиясына «Еңбек Ерінің» есімі берілді

    Шығыс өңірінің спорт ұстаханасы Семей спорт академиясына грек-рим күресінен қазақтан шыққан Олимпиада және әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Даңқты балуан спорт академиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, шаһар жастарымен оқушылары, жас спортшылар құрметпен қарсы алды. Жақсылық ағаның есімін ұлықтап жатқан жақсы жаңалықты естіп, еліміздің мақтаныштары, байрақты бәсекелерде қазақтың Көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан спорт саңлақтары да көптеп ...

    Read More »

    Боксшы Бекзат Саттархановтың ата-анасына құрмет көрсетілді

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен және  Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Ведомство басшысы XXVII Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері Бекзаттай ...

    Read More »

    Семейде оқушылар әлем чемпиондарымен жүздесті

    Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен кикбоксингтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің екі дүркін чемпионы Нұрболат Рысмағамбетов Семей спорт академиясының оқушыларымен жүздесті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.   Оқушылар чемпиондарға сауалдарын қойып, кездесу емен-жарқын әңгімемен өрбіді. Әсіресе, жерлесіміз Мерейге қызықты сұрақтар көп қойылды. Оның боксқа келуі, жеңісі пен жеңілісі қатар жүрген спорттық ...

    Read More »

    Алматы облысында балуанға құрдастары құрмет көрсетті

    1982 жылы туған азаматтардың биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл. Осындай айтулы шара Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы Майлы Орманов орта мектебінде де өтті. 1999 жылы алтын ұядан қанаттанып ұшып, үлкен өмірге қанат басқан түлектер араға 20 жыл салып білім ошағына оралды. Бәрі де бір-бір саланың білгір мамандары. 1982 жылғы азаматтар Жылысай ауылының тумасы, самбо, қазақ күресі, дзюдо  күрес түрлерінен ...

    Read More »

    Атырау облысында спортты өрге сүйрегендер марапатталды

    Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар түзген келелі кеңес, алқалы мәжіліс өткізіп, облыстың спортын өрге тартып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Спортшылар балына жиналған көпшілік алдында өңір басшысы  Атырау өлкесінде спорттың дамуына серпін беріп, қолдау көрсетіп, демеушілік танытып жүрген атымтай-жомарт азаматтарға алғысын білдіріп, халық атынан арнайы төсбелгілермен марапаттады. Бұқаралық спорттың өрісі кеңуіне, шалғайдағы ауыл, аудандарда спорт ...

    Read More »

    Облыс әкімі Семейде спортшылармен кездесті

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей спорт академиясында болды. Академия директоры Мерейғалы Көшкінов облыс әкіміне атқарылып жатқан жұмыстар мен оқушылардың жетістіктері туралы жан-жақты айтып берді. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын спорт академиясы жанынан Даниал Ахметовтің бастамасымен спортқа бейімі мен бейілі бар балаларға арналып  200 орынға арналған жатақхана ашылған болатын. Қазір мұнда күрестің бірнеше түрімен шұғылданатын, волейболмен айналысатын жөсөспірім ...

    Read More »

    Алматыда спорттағы жылдың үздіктері марапатталды

    Бүгін Алматы қаласында Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздіктері-2018» аталымының жеңімпаздары мен «Мәңгілік елім – Қазақстаным» патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Осымен екінші жыл қатарынан өткен шараның басты мақсаты – көк туымызды көкке көтеріп, әлемдік сындарда мерейімізді асырып жүрген спортшылар мен спорт жанашырларының арасынан үздіктерді таңдап, олардың ел үшін атқарып жүрген ...

    Read More »

    Астанада спорт журналистерінің басшысы сайланады

    Астана қаласында 8 желтоқсан күні Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының кезектен тыс конференциясы өтеді. Жиында ұйымның басшысы сайланып, жаңа құрамы өзгертіліп, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар талқыланады. Конференция Мәскеу көшесі, 33 А мекен-жайында орналасқан Qazsport телеарнасының ғимаратында болады. Дастан КЕНЖАЛИН

    Read More »

    Алматыда спорт ордалары Жолдауды талқылады

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  тапсырмасымен Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған жиын  өтті. Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Жиынға Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы  «Олимпиада резервінің ...

    Read More »