• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Білімді мыңды жығады (ФОТО)

    Міне, айлар алыстап, күндер сырғып өтіп жаңа оқу жылы басталатын кез де келіп жетті. Ала жаздай ауылдарына барып, ата-аналарының қасында демалыстарын көңілді-күймен өткізген оқушылар енді жаңа оқу жылына белсене кіріседі. Сонымен қатар, бойларында спортқа деген құмарлығы жоғары, таланты тасыған дарынды жасөспірімдер елдегі спортқа арналған беделді оқу орындарына түсуді армандап жолға шығары белгілі.

    Алматы қаласындағы Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің алды қарбалас. Балаларын жетектеген ата-аналар, ұстаздардан оқу жайын сұрастырып, алаң-елең күйде. Иә, ата-ананың толқып тұрған көңіл-күйлерін жақсы түсінуге болады. Өйткені, баласының бойындағы бармақтай талантын аршып өсіріп шығаратын осындай мектеп-интернаттың есігін ашып кірген соң жақсы үлгеріммен оқуға түсіп кетсе екен деген жалғыз ғана армандары бар екені белгілі.

    «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»-деген бабаларымыз. Күш-білімде. Қанша жерден жойқын күштің иесі болсаң да білім жоқ жерде жеңіс жоқ. Сондықтанда жастық шақта алған білім тасқа жазған жазудай баста қалатынын сөзсіз. Жастық шақ адамға бір-ақ рет беріледі. Сол себепті жас жеткіншектердің бойына білім нәрін еге отырып іштегі бар талантын аша білу ата-анаға ғана емес, өскен орта мен білім ордаларына тікелей қатысты. Сондықтанда айтулы мектеп-колледждің ұстаздары балаларды қабылдап алуда асқан ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарауда. Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаңа оқу жылына арнап бектікен оқушыларды қабылдау бағдарламасына сай сүрінбей өткен дарынды балалар бірауыздан қабылданып жаңа оқу жылына әзірліктерін бастайды.

    Мектеп-интернаттың бағдарламасы бойынша балаларды 13 спорт түрінен қабылдайды. Биылғы жылы оқуға келуші балалардың қарасы қалың. Құжат тапсырушылардың саны 200 ден асып жығылады.Жасөпірімдердің жаны қалап көптеп таспырғ ан спорт түрі ол дзюдо күресі екен. Мұнда 50 бала құжатын әкеліп өткізсе,еркін күрес түріне 40 бала тапсырған. Біздің қазақтың қара домалақ балаларының оң жамбасына келетін де осы күрес түрлері болғандықтан таңғалаудың қажеті аз шығар. Оқуға түсудегі балаға қойылар басты талап ол өздері туып өскен өңірде спорттың қандай түрі болса да белгілі бір разряды болуы шартты екен. Сонымен қатар, Қазақстан және Азия чемпионаттарында жүлде салған жасөспірімдерге жеңілдік айырықша екені айтпаса да белгілі. Айталық, су спорты, семсерлесу секілді спорт түрлеріне де қаракөздеріміз аз барып жатқан жоқ. Жалпы, осы мектепте оқитын жас буын көптеген ірі халықаралық, әлемдік, еуропалық тіпті, олимпиадалық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, ел намысын абыроймен қорғап жүргендігін ескере отырып, бұл оқу орнына келіп түсуге бел байлаған жасөспірімдерге қойылар талап жоғары екендігін білген жөн болар. Сондықтан мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын ұстаздарда сайдың тасындай сараланып алынған өз ісінің мамандары. Қабылдау комиссясының құрамында отырған Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Ернар Таласбекұлы Ибраимов дарынды қазақ баларының мектепке көптеп қабылданғанын қалайды.

    Иә, қазақ жастарының күрес түрлері ғана емес өзге спорт түрлерінен жасындай жарқылдап шығарына сенім зор. Өйткені, біздің қаракөздер барлық жағынан талантты деген ойды алға тартамыз. Қырағы көз бапкерлердің таңдауына ілккен жас спортшыларды алдағы оқуы жылында талмай, табанды еңбекпен, аянбай бойдағы барын сарқып салатын жаттығулар күтіп тұр. Осы жасөпірімдер ертең әлем, Олимпиада сайыстарында қазақ еліне жүлде әкелер жарқын болашағымыз деп білеміз. Осы мақала дайындалып жатқанда Хорватияның Загреб қаласында дзюдо күресінен кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында айтулы спорт мектеп-интернат коледждің 1 курс студенті Балғабай Досбол 81кг салмақ дәрежесі бойынша қола жүлдені жеңіп алды. Бұл шетел асып жеткен сүйінші хабар мектептің ғана емес еліміздің қуанышын еселей түсері сөзсіз. Ендеше, бүгін оқуға қабылданып жатқан жас таланттар ертең Балғабай Досбол секілді нарқасқа балуан ағаларының ізін басып одан да биік жетістіетерге қол жеткізер деген үміттеміз. Сонымен бірге, осы жылы мектеп табалдырығын аттап жандарына жақын дос табатын дарынды жастарға, өмір атты үлкен күрес жолында тек ақжол тілейміз

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *