• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

    Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты.

    Біздің Rukh атты клубымызға UFC-тің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты жауынгерлер қосылған клубымызда оған сәттілік тілеп қояйық, — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

    Жалғас Жұмағұлов биыл UFC-ден шығарылған болатын. Ол UFC-де бір рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілді. Соңғы жекпе-жегінде Джошуа Ванудан жеңіліп қалды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *