• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 7 қыркүйекте Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия құрама командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

    Қорытынды тізімге 26 футболшы енді.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

    Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

    Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Максим Самородов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов («Тобыл»);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»);

    Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

    Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйекте Финляндия құрамасымен матч Астана уақытымен 20.00-де басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасымен ойнайды. Матчтың басталуы 19.00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *