Әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты.
Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады.
Сербиялық теннисші Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ-тың ашық чемпионатының ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет шығып отыр.
Новак Джокович финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы Фрэнсис Тиафомен немесе рейтингте 47-орында тұрған Бен Шелтонның біреуімен кездеседі. Бұл екеуі АҚШ-тың спортшылары.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА