• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан-Финляндия мачтының үзілісінде концерт болады

    7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың 15 минуттық үзіліс кезінде танымал әнші Ерболат Құдайбергеннің шағын концерті болады.

    Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

    Танымал әнші Ерболат Құдайберген Қазақстан – Финляндия матчының арнайы қонағы болады

    Матчтың үзілісі кезінде бәрімізге танымал «Мен қазақпын» және «Біздің жігіттер» хиттері шырқалады.

    «Біздің жігіттерді» айтып, біздің жігіттерге қолдау көрсетейік!, — делінген хабарламада.

    Қазір ұлттық құрамалар матчқа қызу дайындалып жатыр. Финляндия құрамасы Астанаға келіп, жаттығуды бастап кетті. Ойынның бас төрешісі болып Румынияның төрешісі Раду Петреску бекітілді. Оған матчта Румынияның тағы үш төрешісі көмектеседі. Олар — Раду Гингуляк, Мирча Григориу мен Марцел Бирсан.

    Матч Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *