7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың төрешілері анықталды.
Бұл матчтың бас төрешісі болып Румынияның төрешісі Раду Петреску бекітілді.
Ойында Радуға оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Төртінші төреші – Марцел Бирсан.
Қазір турнир кестесінде төрт матчтан кейін Н тобында Финляндия мен Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар келеді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Суоми елінің бас командасы алда тұр.
Матч Астана уақытымен кешкі сағат 20.00-де басталады.
Командалар матчтан бір күн бұрын «Астана-Арена» стадионында ашық жаттығу өткізеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА