• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия ойындары

    IBA президенті Умар Кремлев Азиададағы төрешілердің жұмысын сынады

    Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында басталған Азия чемпионаты кезінде Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарындағы төрешілердің жұмысын сынға алды. Ол Atameken Business  арнасына берген сұхбатында Азиададағы төрешіліктің өте төмен деңгейде болғанын айтты. Шынын айтқанда төрешілердің жұмысына менің де көңілім толмады. Мен сол үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахқа наразылығымды білдіріп, ...

    Read More »

    Гүлім Құрманбаева — Параазиаданың қола жүлдегері!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында пара пауэрлифингтен 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды. Осымен Қазақстан Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Оның алдында үшінші орынды пара каноэден Максим Богатырев пен Жаңыл Балтабаева жеңіп алған еді. Қазір Қазақстан спортшылары екі алтын, үш күміс және үш қола медальді иеленіп отыр. Алтын жүлдені ...

    Read More »

    IV Пара Азия ойындары: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Пара каноэдан Жалғас Тайкенов 43,369 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленсе, тағы бір спортшымыз Бибарыс Спатай жарыстың осы түрінен күміс жүлдені иеленді. Бұған дейін пауэрлифтер Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді. Одан кейін Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Оны пара дзюдодан J2 cанаты ...

    Read More »

     XIX Азиаданың қорытындысы: грек-рим күресінен құрама бас жаттықтырушы ескерту алды

    Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының қорытындысы бойынша спорт түрлері федерацияларының есебін тыңдауға кірісті. Онда бірінші болып грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының, одан кейін су спорты федерациясының есебі тыңдалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Спорт түрлері бойынша федерацияларының есебін тыңдау одан әрі жалғасады. Ал бүгінгі жиында алдымен грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында федерацияның өкілдері балуандардың ...

    Read More »

    ІV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары 14 жарысқа қатысады (ВИДЕО)

    22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV Азия Пара ойындары болады. Осы жарысқа елімізден 131 спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен күш сынасады. Олар 485 медаль үшін жарысады. Қазақстан спортшылары жарыстың пара таеквондо, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді. Ойындардың ашылуы мен жабылуы салтанатында еліміздің туын ұстаушылар волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері ...

    Read More »

    IV Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары Қытайға аттанды

    Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасын IV Азия пара ойындарына ресми шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Сары құрлықтың басты бәсекесі 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында болады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар 14 спорт түрінен, яғни пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат, пара жүзу, пара велоспорт, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды ...

    Read More »

    Жаратқан, Жақсылықсыз да күрес жарыстары өте береді екен-ау…

    …ЖАҚСЫЛЫҚТЫ сағындым!  Бірде-бір ірі жарыстарда ЖАҚСЫЛЫҚСЫЗ жүрмеуші едім.  Соңғы Токио Олимпиадасына бара алмадым.  Ешкім жүр деген жоқ.  Бірақ онда барғанда да ЖАҚСЫЛЫҚ болмас еді… Ол қазақтың БІРТУАР ҰЛЫ, спортымыздың СИМВОЛЫ, менің ЖАН ДОСЫМның келмеске кеткеніне де екі жылдан асты… …Ханчжоудағы Азия ойындарында күрес басталды. Кеше грек-рим шеберлерінің бәсекесіне бардық. Бір жігітіміз финалда, үш жігітіміз қола жүлде жолында кілемге шықпақ еді. ...

    Read More »

    Ел дзюдосының ертеңдері!

    Азия ойындарында үш қола жүлде ғана иеленіп, елге оралған Қазақстан дзюдошылар командасын мен осылай атадым …Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары ә дегенше бел ортадан асып барады.  Ханчжоуға келгенше жан-жақтан сәуегейсінген спорт түрлеріміздің көбісі биігінен төмен болып, еңсені тіктетпей тұр.  Солардың ішіндегі үміт артқан спорт түрлерінің бірі ерлер дзюдосы еді.  Әрине, бұл спорт түрінен Шығыс Азияның үш командасының — Қытай, Корея, ...

    Read More »

    Таңдай білу де өнер!

    Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары аяқталуға таяған сайын басшы да, қосшы да бары мен жоғын түгендеп, табысы мен кемшілігін сараптап жатуы заңды. Әуелде Ойындарға аттанғанда осымыз дұрыс деп қабылдаған шешімдерінің Ойындар барысында қабырғасы сөгіліп, тұмсығымен жер сүзген шешімдеріне кінәлі іздеп,жер тепкілеп жатқандары да жоқ емес.   Бұл — үлкен шаруаның бәріне тән қорытынды. Біз де Ойындар толық аяқталмаса да болған оқиғалардан сүзіп ...

    Read More »

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »