• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдо

    Дзюдодан Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    2-3 желтоқсанда Жапонияның астанасы – Токио қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі болады. Оған 88 елден 527 дзюдошы қатысады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Турнирде ел намысын мына спортшылар қорғайды: Ерлер: -60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов -66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев -73 кг: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов -81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев -90 кг: Айдар Арапов, Ермахан ...

    Read More »

    Қызылорда облысының құрамасы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 17 команда қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысы үздік атанды. Финалда қарсыласына жол берген Қарғанды облысы күміст жүлдені иеленсе, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды. Ал ...

    Read More »

    Астанада дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталып жатыр (ВИДЕО)

    Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты болып жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер – 73, 81, әйелдер – 57, 63 және 70 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионаттың екінші күніндегі ерлер бәсекесінде Маңғыстау облысының қос спортшысы – Асқар Нарқұлов (73 кг) пен Мейірлан Максим (81 кг) жеңіс ...

    Read More »

    Бүгін Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады

    Бүгін Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан  чемпионаты басталады. Ел чемпионаты 12 мен 15 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы (ерлер 320, әйелдер 144) қатысады. Жарыс кестесінің алғашқы күні ...

    Read More »

    Ел дзюдосының ертеңдері!

    Азия ойындарында үш қола жүлде ғана иеленіп, елге оралған Қазақстан дзюдошылар командасын мен осылай атадым …Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары ә дегенше бел ортадан асып барады.  Ханчжоуға келгенше жан-жақтан сәуегейсінген спорт түрлеріміздің көбісі биігінен төмен болып, еңсені тіктетпей тұр.  Солардың ішіндегі үміт артқан спорт түрлерінің бірі ерлер дзюдосы еді.  Әрине, бұл спорт түрінен Шығыс Азияның үш командасының — Қытай, Корея, ...

    Read More »

    Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдошы қарсыластарымен 100 келі салмақта күш сынасқан Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл салмақта ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Вон Джон Хунды жеңді. Оған дейін Нұрлыхан Шархан жартылай финалда өзбекстандық әлем чемпионы Музаффарбек Туробоевқа есе жіберген еді. Осы жүлдеден кейін Қазақстан спортшыларының қоржыны екі күміс, бес қола жүлдеге толықты. Күміс медальді дзюдодан Әбиба Әбужақынова ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: жүлденің бәрін дзюдошылар алып жатыр (ФОТО)

    Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында елімізге төртінші жүлдені тағы да дзюдошы жеңіп алды. Бұл медальді 81 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар иеленді. Ол қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті. Сөйтіп, әзірше, Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді. Балуан 2001 жылы Қызылорда облысында туған. Әлемдік рейтингте 2646 ұпаймен 15-орында келеді. Абылайхан Жұбаназар ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті (ФОТО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азиадада Қазақстан спортшыларының қоржынына тағы бір жүлде түсті. Бұл жолы да қола медаль келді. Оны дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова жеңіп алды. Ол өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түсті.  Жеңіс оңай келмейді. Бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, – деді Азиадада жарысты тамашалаған ...

    Read More »

    XIX Азиада – 2023: туризм және спорт министрі жүлдегерлерді құттықтады

    Азия ойындарында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев дзюдодан жүлде алған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларымен кездесті. Министр құрама қоржынына күміс медаль жеңіп алған Абиба Әбужақынова мен қола жүлдегер Мағжан Шамшадинді құттықтады. Мен Абибаны осы нәтижемен құттықтаймын! Біз бәріміз оны мақтан тұтамыз. Сіз лайықты нәтиже көрсеттіңіз! Қазақстандық палуандарды қолдау үшін Қытайға келген жанкүйерлерге ерекше рахмет! Олардың қолдауы спортшыларға жігер сыйлады, – ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынана алты қола жүлде түсті

    Беларусь астанасы — Минск қаласында өтіп жатқан ТМД-нің II ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына алты қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ , дзюдо күресінен Алдияр Саин (90 кг) мен Әлихан Назымханов (+90 кг), жеңіл атлетикадан Ангелина Шрубянец (60 метр), Дмитрий Спаский (2000 метр), Алиса Исаева (ұзындыққа секіру) және көркем гимнастикадан қыздар құрамасы ТМД ойындарының қола жүлдегері атанды. Үшінші күннің қорытындысы ...

    Read More »