• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігнің Спортты дамыту дирекциясы

    Әбиба Абужақынова алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде күміс жүлде иеленді

    Дзюдодан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде ұлттық құраманың көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) екінші орынды иеленді. Ол финалда Сабина Гилиязовадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігнің Спортты дамыту дирекциясы.

    Осы салмақтағы қола жүлде Швецияның өкілі Тара Бабулфат пен түркиялық спортшы Тугче Бедерге бұйырды.

    Күндізгі сессияда Абужақынова ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ), жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция) жеңіп, финалға шыққан болатын. Ал оның алдындағы белдесулерде Тамар Малка (Израиль) мен Гүзел Янамованың (Түркменстан) осал тұсын тапқан еді.

    Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Ғалия Тыңбаева ресейлік Сабина Гилиязовадан жеңілді.

    Бұл қазақ дзюдошысының «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдегі алғашқы күміс жүлдесі. Әбиба Абужақынова осыған дейін Баку (2024 жыл), Тбилиси (2023 жыл), Париж (2023 жыл), Абу-Даби (2022 жыл) мен Ұлан-Батыр (2022 жыл) қаласында өткен Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болған. Сондай-ақ ол осыдан екі  жыл бұрын Ташкентте өткен әлем чемпионатында алғашқы жүлдесін жеңіп алған еді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *