• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан киберспорт федерациясы

    Қазақстан құрамасы «Болашақ ойындарын» өткізу тәжірибесін зерттеп жатыр

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан киберспорт федерациясының делегациясы Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан І «Болашақ ойындарына» жұмыс сапарымен барды.

    Олар іс-сапарда ойындардың басым бөлігін қабылдаған «Қазан ЭКСПО» орталығын аралады. Мұнда аренаның ұйымдастыру және технология мүмкіндіктерімен танысып, халықаралық байқаушылар командасына арналған презентацияға қатысты. Спикерлер арасында Халықаралық хоккей федерациясының бұрынғы президенті Рене Фазель бар. Ол қазір ойындардың елшісінің бірі. Фиджитал (спорттық және цифрлық шешімдер) пішінінде өтіп жатқан тарихтағы алғашқы халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастырушылар Қазақстан делегациясына жарыстың қыр-сырын егжей-тегжейлі айтып берді.

    Қазір Татарстан астанасына әлемнің 104 елінен барлығы 260 команда (2000-нан астам спортшы) жиналды. Жарыс 5 топқа немесе спорт, стратегия, тактика, технология, жылдамдық сын-қатерлері сынды бөлімге кіретін 21 бағдарлама бойынша жалғасып жатыр.  Қазақстанның 48 өкілі 13 сайысқа қатысуда. Олар Dota2, фиджитал-хоккей, фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, дрондар жарысы, Роботтар шайқасы, Warface және басқа да сайстарда бақ сынап жатыр.

    Қазақстанның xgod командасы Counter-Strike 2 және лазерлік тег бойынша жеңімпаз атанды.

    Біздің ойыншылар бұған дейін Counter-Strike бойынша түрлі жарыстарда жеңіске жеткен. Бұл жетістік кездейсоқ емес, болашақта жаңа жеңістерге үміттенеміз, — деді Киберспорт федерациясының спорт директоры Дастан Кәрім.

    Еске сала кетсек, 21 ақпанда Қазанда өткен ойындардың ашылуы рәсімі аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге елімізде осындай жарыс өткізуді ұсынған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *