Италияда келесі жылы 6-22 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 50 күннен аз уақыт қалды. Осыған байланысты Ұлттық Олимпиялық комитеттің ресми сайты Olympic.kz жарыстарды трибунадан тамашалауды жоспарлап отырған жанкүйерлерге арнап арнайы нұсқаулық әзірледі. Билеттерді сату тәртібі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билеттер тек цифрлық форматта сатылады. Ұйымдастыру комитеті билеттерді тарататын жалғыз ресми арналар — Олимпиада ойындарының ресми билет платформасы мен Халықаралық ...
Read More »Олимпиада
Қазақстан қысқы Олимпиадаға тағы 12 лицензия жеңіп алды
Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас жаттықтырушысының шешімінен кейін белгілі болады. Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды. Естеріңізге сала ...
Read More »Рим қаласында қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпия ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Алау алдыңғы күні Грекиядан жеткізілді. Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла ресми түрде тұтатты. Іс-шараға Халықаралық Олимпиялық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго мен Италияның Ұлттық Олимпиялық комитетінің жетекшілері қатысты. Кирсти Ковентри құттықтау сөзінде Олимпиада алауының ...
Read More »Олимпиялық ойындардың алауы жағылды
Ежелгі Олимпияда (Грекия) 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиялық ойындардың алауы салтанатты түрде жағылды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рәсім дәстүр бойынша Гера храмында емес, Археологиялық мұражайдың ішкі залында болды. Бас діни қызметкердің рөлін биыл да актриса Мэри Мина атқарды. Салтанатты іс-шараға Грекия президенті Константинос Тасулас, Халықаралық Олимпиялық комитеттің басшысы Кирсти Ковентри, 2026 жылғы ...
Read More »«Бокс — тек шаршы алаңда емес, одан тыс жерде де күресетін спорт түрі»: Головкин БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді
Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша Қазақстан тарихында халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында World Boxing басшысы жаңа қызметін Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетіндегі жұмыспен үйлестіру жайлы, сондай-ақ әуесқой боксқа оралуының себептері мен жаңа лауазымдағы негізгі бағыттары туралы айтып берді. – Геннадий ...
Read More »Спортшылар 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалу мақсатында ХОК стипендиясына ие болды
Еліміздің Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында жекелей стипендиясын алған спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Бұл бастаманы Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитеті көтеріп, ұлттық федерациялармен және ХОК-мен бірлесе жұмыс жүргізді. Сондай-ақ барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етті. Бағдарламаның мақсаты — спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау. ...
Read More »Демеу Жадыраев Гран-при турнирін жеңіп алды
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Гран-при турнирінде Демеу Жадыраев Олимпиададан кейін алғаш рет кілемге шыға салысымен жеңімпаз атанды. Бұл турнирде Қазақстан балуандары 7 медальға алды. Оның екеуі – алтын жүлде. Атап айтқанда, 77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев жеңімпаз болса, 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да үздік атанды. Ербол Камалиев (60 келіге дейін) пен Омар Сатаев (82 келіге ...
Read More »Тарихи қола жүлде
Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстаннның намысын қорғаған төрт саңлағымыз қола жүлдені жеңіп алып, әлемді аузына қаратты. Сын алаңына шыққан Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжановтар төрттігі үшінші орын үшін бәсекеде осы спорт түрінде алдына жан салмай әлемдік рейтингте үшінші сатыда келе жатқан Франция құрамасын тас-талқан етіп жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл ...
Read More »Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиадаға ресми шақырту алды
Ұлттық Олимпиадалық комитет 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиялық ойындарға ресми шақырту алды, деп хабарлады ҰОК. Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім. Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері отандастарымыз бір алтын, үш күміс және төрт қола ...
Read More »ХОК қазақ спортына баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллмен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды, Президент Олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары