• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Параспорт

    Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

    Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде еліміздің спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК. 26,8 км қашықтықтағы В класы бойынша ерлер арасындағы тандемдік жекелей сында Кирилл Ильюкевич (стокер) пен Глеб ...

    Read More »

    Ербол Хамитов Әлем кубогында тағы бір медаль алды

    Польшаның Якушице қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінде Ербол Хамитов (LW12) 6 км қашықтықты 18 минут 24 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдаорға арналған сплрттық даярлау орталығы» РМҚК. Алтын жүлдені Италияның спортшы ...

    Read More »

    Пара биатлоннан Әлем кубогы: Ербол Хамитов — қола жүлдегер!

    Пара биатлоннан өткен  Әлем кубогында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21  секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал  екінші  орынды  АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Пара биатлонан Әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында болды. Оған Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, ...

    Read More »

    Жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте Қазақстан командасы 45 мемлекеттің ішінде бесінші орынға ие болды. Жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт ...

    Read More »

    Параволейболдан ұлттық құрама әлем кубогында қола жүлде алды

    АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында волейболды отырып ойнаудан әлем кубогы үшін жарыс аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін АҚШ құрамасымен ойнады. Бауыржан Тахауов жасақтаған құрама команда алғашқы екі партияда америкалықтардан 25:23, 25:18 есебімен басым түсті. Содан кейін алаң иелері келесі сетте 25:15 есебімен жеңді. Дегенмен төртінші сетте отандастарымыз тағы алға шықты. Есеп — 25:23. Сөйтіп, қорытынды есепте Қазақстан командасы 3:1 ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Қазақстан мен АҚШ ойыны

    АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ. Бұл дүрмекті додаға 14 ерлер және 6 әйелдер құрамасы қатысып жатыр. Бұған дейін Бауыржан Тахауовтың жасағы әуелі Италия құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Содан кейін Польша, Канада мен Франция құрамаларымен ойында да  дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Кеше Қазақстан командасы әлем кубогының фавориті саналатын ...

    Read More »

    Давид Дегтярев – пара пауэфрлифтингтен әлем чемпионы!

    Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Алғашқы сайысында ол 187 келіні басынан асырса, одан кейін 189, үшіншісінде 191 келіні көтере алды. Екінші орынды сальвадорлық Херберт Асетуно иеленді. Үшінші орын қытайлық Ян ...

    Read More »

    Пара жүзуден ӘЧ: Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алды

    Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомствоның хабарлауынша, бірінші орын бейтарап ел атынан қатысқан спортшы Тимофей Гукқа бұйырса, үшін орынды украиндық Федина Алексей иеленді. Бұл – Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы ...

    Read More »

    Елімізде алғаш рет Азиядағы беделді спорт ұйымының басқосуы басталды

    Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен және  халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) конференциясы мен  VII Бас ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет елімізде ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат қатысып жатыр. Жиынның салтанатты ашылу ...

    Read More »

    Пара спортшылар Парижге аттанды

    Еліміздің XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларының алғашқы легі Францияның астанасы Париж қаласына аттанды, деп хабарлады Qazaqstan.tv. Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты. Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатысады. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Пара жүзу спортшылары ...

    Read More »