• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Параспорт

    Жаңыл Балтабаева пара каноэден Паралимпиадаға жолдама алды

    Пара каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Паралимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Чемпионаттың В финалында (VL3 классы) өнер көрсеткен спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта жүріп өтіп, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде мәреге польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып келді. Әлем чемпионатында Паралимпиадаға төрт жолдама ойнатылды. Чемпионаттың ...

    Read More »

    Паралимпиадаға тағы 16 жолдама алу жоспарда бар – Елсияр Қанағатов

    Астанада Туризм және спорт министрлігінің жанынана құрылған  қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен жазғы Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабында ұлттық құрама командалардың Паралимпиадаға дайындығына қатысты мәлімет берілді. Штаб төрағасы Елсияр Қанағатов министрлік тарапынан Парлимпиада ойындарына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Жиынға Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров, Нұрлан Әуесбаев, Дәулет Мұқаев, Қазыбек Иса, Нартай Сәрсенғалиев, Нұргүл Тау, Таңсәуле Серіков ...

    Read More »

    Пара спорт: Қазақстан Әлем кубогында күміс медаль иеленді

    Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық  дисцеплинада  615.8 ұпай жинап, күміс медальді иеленді. Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын жүлдені жеңіп алса,  қола медальға да Оңтүстік Корея  спортшылары  Ли Юджин  мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен ие болды. Сондай-ақ, жарыстың ...

    Read More »

    Пара спортшы Еркін Ғаббасов Әлем кубогында жеңіске жетті

    Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін турнирде Еркін Ғаббасов алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді. Ал үшінші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпайымен ие болды. Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен Әлем кубогында екінші ...

    Read More »

    Темірхан Дайырбек Паралимпиада лицензиясын иеленді

    Пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2 000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді. Ал ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

    Түркістан қаласында сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Украина дзюдошылары қарсылас ...

    Read More »

    Паралимпида-2024: Қазақстан құрамасының дайындығы қаралды

    Бүгін Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен жиын өткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде ұлттық құрама спортшыларының қазіргі жағдайы, қаржыландыру мен басқа ақпараттық ұйымдастырушылық дайындық мәселелері талқыланды. Қазір Паралимпиада ойындарына дейін пысықтайтын мәселе көп. Дегенмен атқарылып жатқан дайындық жұмыстары да аз емес. Пара спортшыларымызға  лайықты көңіл ...

    Read More »

    Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама 11 жолдаманы иелініп отыр

    Еліміздің параспортшылары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XVII Паралимпия ойындарына әзірше 11 жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Паралимпиадада жарыстар спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) ...

    Read More »

    Астанада әлем чемпионы туралы фильм көрсетіледі (ВИДЕО)

    15 наурызда Астанада пара дзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген қысқаметражды фильмнің тұсаукесері болады. Фильмнің аты «Үміт сәулесі» деп аталады. Бұл фильмді Kazakhcinema мен Dala Cinema компаниясының бірігіп түсірген.  Фильм тек спорттық жетістіктерге емес, сонымен қатар қоғамымыздың маңызды әлеуметтік мәселелеріне де назар аудартады. Кинематографтың бұл туындысы KISFF2023 кинофестивалінде беделді Special Mention Award номинациясымен марапатталып, әлеуметтік маңыздылығын халықаралық дәрежеде дәлелдеп ...

    Read More »

    Парадзюдошылар Германиядан бес медальмен келе жатыр  

    Германияның Гейдельберг қаласында Қазақстан спортшылары парадзюдодан өткен әлемдік гран-при сериясында екі алтын мен үш қола медаль жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, финалдық белдесуде 48 келіге дейінгі  (J2) салмақта Ақмарал Науатбек Қытай спортшысы Ли Ликингті иппонмен, ал  70 келіден аса (J2) салмақта белдескен Зарина Раифова кубалық Шейла ...

    Read More »