Болгарияның София қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогында Қазақстан командасы екі медаль иеленді. 66 килоға дейінгі салмақта күрескен Ғұмар Қырғызбаев финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 81 килоға дейінгі балуандар арасында Руслан Мұсаев қола жүлдегер атанды. Халықаралық турнирге 43 мемлекеттен 400-ге жуық татами шеберлері қатысып жатыр. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Күрес
Еркін күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды
Иранның астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Күрес түрлері федерациясы хабарлады. Турнир 17-18 ақпан күндері Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша болады. Дүрмекті додада Қазақстан балуандары 10 салмақта сынға түседі. Әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімі мынадай: 57 кг. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы) 61 кг. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы) 65 кг. Рифат ...
Read More »Жазғы Спартакиада: еркін күрестен белдесулер аяқталды (ФОТО)
Алматыда еркін күрестен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының қалған бес салмақтағы чемпионы мен жүлдегерлері анықталды. Осымен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасында балуандар бәсекесі аяқталды. Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен чемпиондар мен жүлдегерлер анықталған еді. Енді міне, грек-рим күресінен жалпы есепте Шымкент қаласы топ жарса, Жетісу облысы екінші орын алды. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының балуандары түйіндеді. Ал әйелдер арасында Алматы облысының ...
Read More »Тұлғаны еске алу турнирі
«Жақсы адам ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы», деген екен дана халқымыз. Қазақ спортының дамуына зор үлесін қосқан тау тұлғалы азаматтар көп екенін білеміз. Солардың ішінде басшылық қызметте жүріп, қолынан келген жақсылығын қазақ спортының өркендеуіне, кешенді ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлесін қосқан ірі тұлғаның бірі — Каркен Ахметұлы Ахметов деп айтар едік. Ол кісінің Қазақ КСР Министрлер Кеңесіндегі Спорт комитетінің ...
Read More »Жазғы Спартакиада: еркін күрестен жеңімпаздар анықталды
Алматыда өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада балуандардың белдесулері жалғасып жатыр. Еркін күрес шеберлері бозкілемде 5 салмақта үздіктерді анықтады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Апта басындағы бәсекеде бірнеше сенсация тіркелді. Атап айтқанда, ұлттық құрамадағы 74 келіге дейінгі салмақта көшбасшының бірі, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Дархан Есенғалиден ...
Read More »Әйелдер күресінен Спартакиада чемпиондары анықталды
Спартакиадада биыл жарақатын емдеп, бір жылдан кейін бозкілемге қайта оралған Эльмира Сыздықова туған күнінде Спартакиданың алтын жүлдесін жеңіп алды. 31 жасқа толған балуанды Қазақстан грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов финалдардың алдында арнайы құттықтады. Эльмира Сыздықова — Олимпия ойындарында жүлде жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы (2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада). Ол финалдан кейін берген сұхбатында әлі толық ...
Read More »Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады
Бүгін Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады. Жарыстар 3-7 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларды Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сынға түседі. Күндізгі бағдарлама 10.30-да, кешкі бағдарлама — 18.00-де басталады. Бірінші болып жарысты «классиктер» бастайды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Өзбек күресі Африка ойындарының бағдарламасына енді
Өзбек ұлттық спорт түрі – күрес Олимпиада ойындарының маңызды құрамдас бөлігі саналатын Африка ойындарының бағдарламасына енді. Өзбек күресі ресми түрде тамыз айында Конго Демократиялық Республикасының Браззавиль қаласында өтетін Африка ойындары жүйесінен бөлек спорт түрі ретінде енгізілді. Халықаралық күрес қауымдастығының бас хатшысы және техникалық директоры Мухаммад Реза Насири осы ойындарға қатысты мәселелерді талқылау үшін Конгоға барып, осы елдің Жастар және спорт, азаматтық ...
Read More »Қазақстан атынан Masters турниріне 12 дзюдошы қатысады
Қазақстанның дзюдодан ұлтттық құрама командасы 20-22 желтоқсан күндері өтетін әлемдік Masters турниріне қатысады. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, жылдың қорытынды жарысы Израиль елінің Иерусалим қаласында болады. Masters додасында ел намысын мына спортшылар қорғайды. Әйелдер: Әбиба Әбужақынова (48 кг) Севара Нишанбаева (57 кг) Кәмила Берліқаш (+78 кг). Ерлер: Елдос Сметов (60 кг) Бауыржан Нарбаев (60 кг) Мағжан Шамшадин (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев ...
Read More »Азамат Дәулетбеков Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен Әлем кубогында ұлттық құрама команданың көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Азамат бұл бәсекеде 86 кг дейінгі салмақта күресті. Оның құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды 9:1 есебімен ұтты. Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы белдесуде алғашқысы басым түсті. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары