Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан халықаралық турнирде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы 12 жүлде адып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Оның жетеуі алтын, төртеуі күміс және біреуі қола медаль.
Жарыста өз салмақ дәрежелерінде Ербол Камалиев (55 кг), Азамат Құрман (60 кг), Ержет Жарылқасын (63 кг), Сұлтан Әсетұлы (67 кг), Омар Сатаев (77 кг), Мақсат Сайлау (87 кг), Асылбек Әбдіқалық (130 кг) турнир жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдеге Асаухат Мұхамадиев (63 кг), Ерсін Абыйр (55 кг), Дәулет Жалғасов (77 кг), Ерзат Ерланов (97 кг) ие болды.
Қола медальды Ерасыл Мамырбеков (55 кг) иеленді.
Сондай-ақ әйелдер күресінен балуандар 8 алтын, 2 күміс медальмен екінші орын алды.
50 кг салмақтағы Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53 кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) жеңімпаз атанды. Қоржынымызға түскен екі күміс медальды Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА