• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азамат Дәулетбеков Поддубный лигасында жеңімпаз атанды

    Еркін күрестен Азияның екі дүркін чемпионы Азамат Дәулетбеков Алматыда өтіп жатқан Poddubny Wrestling League турнирінің жеңімпазы атанды.

    Ол 86 кг салмақта ресейлік Арслан Багаевпен белдесіп, жеңіске жетті.

    Поддубныйдың күрес лигасы (Poddubny Wrestling League) – әлемнің мықты спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіпқой балуандар лигасы. Бұл жарысқа ел намысын 72 кг салмақта әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова, 86 кг салмақта Азия чемпионы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азамат Дәулетбеков пен 79 кг салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев қорғап жатыр.

    Жәмила Бақбергенова 75 келіге дейінгі салмақта ресейлік Ксения Буракованы 6:5 есебімен тізе бүктірді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *