• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновты «мысыққа» теңеді

    Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев Instagram-да Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді.

    Желі қолданушылардың бірі: «Чимаев, бауырым, сен нақты айтшы, өтініш. Қазақтың жолбарысы Шавкат Рахмоновпен айқасқа шығудан қорқасың ба?», — деп төтесінен сұрақ қойған.

    Оған Чимаев: «Бөрілер мысықтан қорықпайды. Қазақ, осыны ұмытпа!», — деп жауап қайтарған.

    Бұған дейін хабарланғандай, UFC-дің файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев Instagram әлеуметтік желісінде бір-бірін кекетіп, сөзге келіп, соңы дауға ұласқан болатын.

    Әуелі Рахмонов парақшасында қасқыр терісінің үстінде отырып түскен фотосуретін жариялап, «Біреулер өзін қасқырмын десе… Қасқырлар міне, біздің астымызда» деп белгілі UFC-дің файтері, Швецияда тұратын ұлты шешен Хамзат Чиваевқа қатысты жазба қалдырды. Бұған өзін «Borz» деп атайтын файтер жауап ретінде сурет жариялады. Шешен тіліндегі «Borz» – «қасқыр» деген сөз.

    Өмір бойы шибөрі болып жүргенге қарағанда, өзін қасқыр деп санау – үлкен абырой, – деп жазды Чимаев.

    Кейін Шавкат Рахмонов жазбасын өшіріп тастады.

    Қазір UFC-дің дивизионында Чимаев 3-орында тұрса, Рахмонов 6-орынға орналасқан. Шешен файтері 12 рет жеңіске жетсе, қазақ файтері 17 қарсыласын ұтқан. Екеуі де әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *