• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Асхат Оралов министрлікпен соттасқан спортшымен кездесті

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов былтыр Бразилияда өткен Сурдлимпиадада есту қабілеті нашар спортшылар арасында чемпионы атанған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездесті.

    Бразилиядағы Сурдлимпиаданың алтын медалін жеңіп алған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездестім. Кейбір түсініспеушілікке байланысты чемпионымыздың жеңісі оның кейінгі ісімен байланысты көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті.

    Спортшымен және Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесіп, бәрін көзбе-көз талқылағанымыз пайдалы болды. Кездесу қорытындысы бойынша мұндай жағдайлардың қайталбауы үшін осы мәселеге байланысты жұмыс тобын құруды шештім, — деді ол.

    Өткен жылы  Еркебұлан Қанафин Суррдлимпиадада елімізге алғашқы алтын жүлдені жеңіп алған еді. Бірақ Мәдениет және спорт министрлігі спортшы жарысқа заңсыз деп шешім шығарып, оның алтын медалін есепке алмады. Осыдан кейін Сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафин ведомствоны сотқа беріп, сотта жеңіп шықты. Сот  министрліктің жарыста алтын медаль үшін Қанафинге ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тапты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *