• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Асхат Оралов

    Елімізде спорт инфрақұрылымы жетіспейді — министр

    Мемлекеттің дене шынықтыру мен спорт саласына қатысты қоғам алдында екі негізгі міндеті бар. Ол ел тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады. Оның айтуынша, бұқаралық спорттың негізгі төрт ерекшелігі ...

    Read More »

    Алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді – Асхат Оралов

    Қазақстанда алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ол 2023-2029 жылдарға арналған Дене шынықтыру мен спортты дамытудың тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Онда елімізде осы салаларды дамытудың жаңа бағытын айқындадық, бұқаралық спортқа, оның ішінде балалар мен жастар арасында, азаматтардың барлық санаты үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың жалпыға қолжетімділігіне, ...

    Read More »

    Асхат Оралов министрлікпен соттасқан спортшымен кездесті

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов былтыр Бразилияда өткен Сурдлимпиадада есту қабілеті нашар спортшылар арасында чемпионы атанған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездесті. Бразилиядағы Сурдлимпиаданың алтын медалін жеңіп алған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездестім. Кейбір түсініспеушілікке байланысты чемпионымыздың жеңісі оның кейінгі ісімен байланысты көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті. Спортшымен және Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесіп, бәрін көзбе-көз талқылағанымыз пайдалы болды. Кездесу қорытындысы бойынша мұндай жағдайлардың ...

    Read More »

    Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесті. Кездесуде президентке тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ министрліктің мәдениет, спорт және туризм индустриясын дамытуға бағытталған бастамалары таныстырылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Министр мемлекет басшысына Алматы облысында спортшыларды Олимпиадаға даярлайтын Республикалық базаның құрылысы туралы хабардар етті. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін жалпы 113 ...

    Read More »

    Биыл 560 мың бала спорттық секциямен қамтылады

    Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына баса назар аударылады. Бұқаралық спортты, оның ішінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр мемлекеттік тапсырыс аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан ...

    Read More »

    Жаттықтырушы-оқытушыларға үстемақы енгізіледі

    Мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай әр категория үшін үстемақы енгізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты. Жиында министр спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін азаятынын атап өтті. Сонымен бірге мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін ...

    Read More »