• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ресейде төрешілер қазақ боксшысының аяғынан шалды (ВИДЕО)

    Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінде дау шықты. Оған Қазақстан атынан жартылай орта салмақтағы Сағадат Рахманқұлов қатысып, төрешілердің шешімімен жергілікті боксшы Виталий Петряковтан (97-93, 95-95, 96-94) жеңіліп қалды.

    Алайда төрешілердің бұл шешімі соңынан дау тудырды. Өйткені, 10 раундқа созылған жекпе-жекте қазақ бкосшысы шаршы алааң иесін айқын басыпдықпен жеңген деген мәлімет бар.

    Осыған байланысты бокс жанкүйерлері әлеуметтік желіде наразылық білдірді. «Сендерде осы ұят деген бар ма? 9 раундта 1000 соққы жіберіп алып, жеңді дегенді қалай түсінеміз?!», «Жүз пайыз қазақ жеңді. Төрешілер аяқтан шалды» деген сияқты пікірлер қалдырған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *