• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда Поддубный күрес лигасы басталды

    Алматы қаласындағы The Rits – Carlton сауда үйінде Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвилидің ұйымдастыруымен күрес кешінің баспасөз мәслихаты болды.

    Конференцияда ресейлік қонақ күрес кешіне әлемнің үздік балуандары бақ сынап, боз кілемде белдесетінін айтты. Нақтылап айтсақ, Поддубный күрес лигасына арналған күрес додасына алыс — жақын шетелдің әлемге танымал балуандары келіп, өз өнерлерін көрсететін болады.

    Сонымен бірге ол жүзден жүйрік болып танылған балуанға қомақты сыйлық та қарастырылғанын тілге тиек етті. Баспасөз брифингі мен көз түйістіру рәсімі тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жарыста еліміздің мақтаныштары да өнер көрсетеді.

    Спортшыларымызға сәттілік серік болсын!  Қазақ спорты жасасын!

     

    Әлішер САСЫҚОВ,

    журналист

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *