• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты: Қазақстанның қос балуаны күміс медаль алды

    Астанада күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың балуандары- Жүсіп Батырмырзаев пен Ризабек Айтмұхан финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты.

    Әуелі Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен күресіп, одан айласын асыра алмады. Содан кейін кезекті белдесу ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмырзаевқа (125 келі) келіп ол да өкінішке қарай, Моңғолияның өкілі Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды.

    Бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасына төрт балуанымыз алтын медаль жеңіп алған болатын. Олар — Санжар Досжанов, Болат Сақаев, Дархан Есенғали мен Азамат Дәулетбеков.

    Қорыта айтқанда, Қазақстан балуандары биылғы Азия чемпионатында 20 жүлде алды.
    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *