• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды.

    Азамат Дәулетбеков  Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол бүгін еркін күрестен Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальды жеңіп алды. Бұған дейін Дархан Есенғали, Санжар Досжанов пен Болат Сақаев құрмет сатысына көтерілген еді.

    Енді финалда Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) күш сынап көреді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Official page (@qazsport_official)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *