• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азия чемпионаты

    Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрама командасының сапында еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алған төрт балуанның арасында бірінші болып бозкілемге шыққан Дархан Есенғали 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен жеңді. Бұған дейін Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді кешкі сессияда тағы үш балуанымыз құрмет тұғырының ең биік сатысына шығу үшін ...

    Read More »

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова – үш дүркін Азия чемпионы! (ВИДЕО)

    Астана қаласында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні 72 кг салмақта бозкілемге шыққан Жәмила Бақбергенова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол осымен үшінші рет әр жылдары (2020, 2022) өткен Азия чемпионатының құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Яғни, құрлықтың  үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жәмила Бақбергенованың финалдағы қарсыласы Жапонияның балуан қызы ...

    Read More »

    Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды

    Астана өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында 76 кг салмаққа дейінгі дәрежеде күрескен Эльмира Сыздықова алтын жүлдені жеңіп алып, құрлықтың екі дүркін чемпионы атанды. Эльмира Сыздықова финалда Қырғызстанның өкілі Айпери Медетқызымен кездесіп, қарсыласынан айласын асырды. Ол осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде алған еді. Сондай-ақ, бүгіні Марина Седнева (55 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 ...

    Read More »

    Қырғыз балуаны Тыныбекова Азия чемпионатына оныншы рет қатысып жатыр

    Астана қаласында 11-12 сәуір күндері ересектер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталады. Бұл жарысқа тәжірибелі балуан Айсулу Тыныбекова (62 кг) да қатысып жүлде алсам дейді. Ол құрлық додасында тоғыз мәрте бақ сынап, бәрінен жүлде алған екен. Сонымен қатар ол екі мәрте әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы атаныпты. Енді Айсулуға тек жазғы Олимпиялық ойындарның алтын жүлдесі ғана жетпей тұр. 29 ...

    Read More »

    Ақжол Махмудов Роман Власовпен жекпе-жекке дайындығы туралы айтты

      Қырғызстандық Ақжол Махмудов ресейлік балуан Роман Власовқа қарсы жекпе-жекке байланысты пікірін айтты. Ол Астанада өткен Азия чемпионатында 77 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жеткеннен кейін бізге шағын сұхбат берді. 26 сәуір күні Алматы қаласында Поддубный турнирі аясында Махмудов Власовпен күресетін болады. Махмудов: «Роман Власовпен жекпе-жекке дайындық өте жақсы. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бұл өте қызық күрес болады деп ойлаймын», — ...

    Read More »

    Гүлмарал ЕРКЕБАЕВА: «Кемінде екі алтын аламыз деп ойлаймын»

    Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Гүлмарал Еркебаева Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қанша жүлде алатынына болжам жасады. Қыздарымыз он салмақта белдеседі. Он қызымыз да осал емес. Азия чемпионатына бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Енді фавориттерді айтатын болсақ, мен өзім 76 кг салмақта күресемін. Осы салмақта Қазақстан чемпионатында екінші орын ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен құрама бозкілемге шығады

    Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрама командасының алғашқы белдесулері болады. Азия чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. 9-10 сәуірде еркін күрес және грек-рим күресінің балуандары жүлделерді сарапқа салды. Енді бүгін, ертең әйелдер күресінен спортшылар бақ сынайды. Еліміздің әйелдер құрамасы: 50 кг – Эллада Махяддинова (Ақмола облысы) 53 кг – Алтын Шағаева (Алматы облысы) ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуаны алтын жүлде алды (ФОТО)

    Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен барлық салмақтағы чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін кілемге шыққан ұлттық құраманың бес балуаны кешкі сессияда медаль үшін таласты. Онда грек-рим күресінен ұлттық құраманың қоржынына жалғыз алтын жүлдені Ибрагим Магомадов салды. Ол финалда Иран балуаны Саяд Әли Именталабфоманидің осал тұсын ...

    Read More »

    Күрестен Азия чемпионаты:  Қазақстан 4 медаль алды

    Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрестен Азия чемпионаты басталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша,  Азия чемпионатында алғашқы күні грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды. Қазақстан құрамасында бес бозкілем шебері жүлде үшін күресіп, төртеуі тұғыр биігіне көтерілді. Аманғали Бекболатов (55 кг) қытайлық Хайфенг Жангты таза ұтып, биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. ...

    Read More »